ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР 5%-БЕН БАСПАНА АЛА АЛАДЫ

«Шаңырақ» бағдарламасы арқылы еліміздің жұмыс істейтін зейнеткерлері екі қосалқы қарыз алушыны көрсетсе, баспаналы бола алады. Бұл туралы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиалының басшысы Жансұлтан Матаев айтты.

«Үй кезегінде тұрған зейнеткерлер де «5-10-20» бағдарламасына қатыса алады. Десе де табыс міндетті түрде болу керек. Бұл жағдайда 5%-пен баспана алуға болады» – деді ол.

Жансұлтан Матаевтың айтуынша, «5-10-20 жобасының басты мақсаты – үй кезегінде тұрған азаматтардың төмен процентпен баспаналы болуын қамтамасыз ету. Ал зейнеткерлер табыс көзі бар екенін растауы тиіс. Көп жағдайда зейнеткерлер табысын көрсете алмайды, сол себепті екі қосалқы қарыз алушыны тарту міндеті бар. Өйткені, зейнетақы табыс көзі болып саналмайды.

Дереккөз: Sputnik.kz