2500 ОҚУШЫ ЗООБАҚҚА ТЕГІН КІРЕДІ

27, 28, 31 мамыр және 1 маусым күні Шымкент қаласы Білім басқармасы бекіткен жалпы саны 2500 мың оқушы зообаққа Балаларды қорғау күніне орай тегін кіреді.
Тізімдегі балаларға зообақ басшылығы балмұздақ таратады. Сондай-ақ ұйымдастырылған түрлі ойындарда үздік болған оқушыларға сыйлықтар беріледі.