260 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында биыл автомобиль жолдарын жөндеу мақсатында 261 нысан, яғни 416,8 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы қаралған. Бұл қаржыға 15 нысанға құрылыс жұмыстары, 10 нысанға қайта құру, 6 нысанға күрделі жөндеу, 225 нысанға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 15 нысанға жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді.

Оның ішінде 240 нысан немесе 304,9 шақырым жол ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәлімдеуінше, 9 ай қорытындысы бойынша бүгінгі таңда 225 нысанда немесе 260 шақырым жол жөндеу жұмыстары аяқталған. Жыл соңына дейін тағы 15 нысан (44,9 шқ.) пайдалануға тапсырылады.

Сонымен қатар, Республика даңғылы (Б.Момышұлы көшесінен бекетке дейін), А.Асқаров көшесі (Республика даңғылынан Абай даңғылына дейін), Жангельдин көшесі (Айбергенов көшесінен Рашидова көшесіне дейін), Түркістан көшесі (А.Байтұрсынов көшесінен Ташенов көшесіне дейін), А.Байтұрсынов көшесі (Түркістан көшесінен Дендросаябаққа дейін), Т.Рысқұлов көшесі (А.Байтұрсынов көшесінен Әл-Фараби көшесіне дейін) велосипедшілер жолы салынып жатыр.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі