27 қазанда Түркістандағы жолдардың бір бөлігі жабылады

2024 жылы 27 қазанда үшінші рет «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыратын Turkistan Marathon өтеді. Түркістанның әдемі тарихи орындарында 3000 адам жүгіреді. Turkistan Marathon ұйымдастыру комитеті қала тұрғындары мен қонақтарына 27-ші қазанда жол қозғалысы ішінара жабылатыны туралы хабарлайды. Сөре мен мәре visit Center Turkistan маңында орналасады, ары қарай қатысушылар Бекзат Саттарханов даңғылымен әуежайға қарай жүгіріп, мәреге қайтады.

27 қазан күні сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін марафон қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы ішінара жабылады. Спортшылардың қашықтықты жүгіріп өтуіне қарай жарыс жолы ашылып отыратын болады.

Таңғы сағат 7:30-дан 14:20-ға дейін Қожа Ахмет Ясауи мұражайының жанындағы Батырбеков көшесі көлік қозғалысына колжетімсіз. Таңғы сағат 8:15-тен 14:00-ге дейін Бекзат Саттарханов даңғылы (Батырбеков көшесінен Есім хан даңғылына дейін) бойынша қозғалыс тоқтатылады. Таңғы сағат 08:40-тан 12:30-ға дейін Есім хан даңғылымен (Бекзат Саттарханов даңғылынан Түркістан халықаралық әуежайына дейін) қозғалыс тоқтатылады.

 

«Turkistan Marathon 2024» жолының жабылу кестесі (27.10.2024)

 

27.10.2024
07:30 — 14:20 Батырбекова көшесі (Әбенов көшесінен Бекзат Саттарханов даңғылына дейін)
08:15 — 14:00 Бекзат Саттарханов даңғылы (Батырбеков көшесінен Есім хан даңғылына дейін) (жолдық оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық)
08:40 — 12:30 Есім хан даңғылы (Бекзат Саттарханов даңғылынан Түркістан халықаралық әуежайына дейін) (жолдық оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық)

 

Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөреге оңтайлы жол жүру бағытын 2ГИС қосымшасы арқылы көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 27 қазанында Turkistan Marathon ауқымды спорттық мерекесі өтеді. Марафонның ұйымдастырушысы – 2012 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын 10-нан астам спорттық іс-шаралар өткізе отырып, бұқаралық спортты белсенді дамытып келе жатқан «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры.

Turkistan Marathon-ның қашықтығы өзгеріссіз қалады: бұл дәстүрлі түрде 10 км спутниктік жарыс, 21,1 км жартылай марафон, 42,2 км марафон және 3 км (10-14 жас аралығындағы балалар) қашықтығы. Скандинавиялық жүріс үшін 10 км қашықтық та ұсынылған. Іс-шараның ресми сайтында бағыттың егжей-тегжейлі сызбасын таба аласыз.

Марафон жолы жұмсақ және жағымды рельефке ие, бұл оны әр түрлі деңгейдегі жүгірушілерге ыңғайлы етеді. Бағыт Түркістанның көркем жерлері арқылы өтіп, қатысушыларға ежелгі қаланың сұлулығынан ләззат алуға мүмкіндік береді. Марафон AIMS халықаралық сөре мен жүгіру қауымдастығының бір бөлігі болып табылады және трек World Athletics стандарттарына сай сертификатталған.

Айта кетейік, марафон аясында 35 жастан асқан қатысушылар арасында 42,2 км жүгіру жарысы бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

 

Сөре уақыты:

07:30 – 3 км сөресі (10-14 жас арасындағы балалар)

08:20 – 42 км қатысушыларының сөресі

08:25 – 21 км қатысушыларының сөресі

08:40 – 10 км және скандинавиялық жүрістің сөресі

 

Turkistan Marathon Түркістан қаласы мен Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі.

 

Титулдық демеуші: Kaspi.kz.

Turkistan Marathon ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және # Другой ты мультиспорттық Youtube-арнасы.