№ 3 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАДА АЛҒАШ РЕТ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ОТА ЖАСАЛДЫ

Шымкенттегі №3 қалалық аурухана тарихында алғаш рет лапароскопиялық әдіспен ота жасалды. Тың әдіспен жасалған операция «Карл Шторц» аппараты арқылы Алматы мен Қарағандының жетекші хирургтарының қатысуымен өтті. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Барлық операциялар сәтті аяқталды дейді дәрігерлер. Бір науқасқа екі жақты операция жасалды: грыжесечение және холецестэктомия. Лапароскопиялық хирургия – науқастың ішкі ағзасына ота жасау үшін тілік жасамай емдейтін хирургияның жаңа әдісітердің бірі. Бұл тәсілмен ота жасалған емделуші екі-үш күн ішінде аяққа тұрып кете алады.

Бұл тәсілмен бүйрек, бауыр ауруларының көптеген түрін емдеу жоспарлануда. Дәрігерлер осы мақсатта біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасқан. Аурухананың материалдық техникалық базасы нығая түсті, тұрғындар сапалы емді ауруханадан қабылдай алатын болады. Шымкент қаласы республикалық қала болғандықтан көрсетілген медициналық көмек те жоғары деңгейде болу қажет.