34 862 ОТБАСЫҒА АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Шымкент қаласында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерман Бекмұратовтың мәліметінше, атаулы әлеуметтік көмекке 2021 жылға бюджеттен 13,5 млрд. теңге бөлінген (республикалық – 12,5 млрд теңге, жергілікті бюджет – 955,7 млн теңге).
Жыл басынан бері 34 862 отбасыға (172 089 адам) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 4,8 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген отбасы саны – 43 889, тағайындаудан бас тартатылғаны – 6173. 2854 өтініш учаскелік комиссия қарауында.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1-6 жас аралығындағы балалары 47 244 кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді.
Жалпы атаулы көмек түрі азаматтардың аяққа тұрып кету үшін берілетінін, тұрақты түрде көрсетілмейтінін атап өткен жөн.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі