Алдағы күндері елімізде қар мен жаңбыр жауып, боран мен көктайғақ күтілуде
Қазақстанда мереке және демалыс күндері көктемгі тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп.
Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде жаңбыр басым, жауын-шашын, қатты жел күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-ге күшейіп, температураның жоғарылауын шақыратын циклон Каспийдің оңтүстік бөлігінде қалыптаса бастады.
Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндізгі ауа температурасы 8…13 градус, кейбір жерлерде 18, 15…20, кей жерлерде 25 градус, шығысында 3…8 градус жылы болады.
Қазақстанның батыс, солтүстік және орталық облыстарына Батыс Сібірден суық, ылғалды ауа массалары келе бастайды. Осыған байланысты қар мен жаңбыр, сондай-ақ боран, көктайғақ болып, желдің екпіні 15-23 м/с-ге дейін көтеріледі деп күтілуде.