ҰЛТ ЖОСПАРЫ — ҰЛЫ ҚАДАМ

Елбасы 2016 жылы 24 наурызда өткен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің бюро мәжілісінде сөз сөйлеп, жаңа шақырылымның депутаттарын – партиядағы серіктестеді өздеріне көрсетілген сенімді ақтауға шақырды.
Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін олар ерекше жауапкершілік арқалайтындарын да еске салдым.
Келесі күні алтыншы шақырылған Парламенттің бірінші сессиясы ашылды. Онда депутаттар бір жылға жетпейтін уақыт аралығында Бес институционалдық реформа шеңберінде қандай жұмыстар атқарылғанын талқылады.

Мемлекеттік аппараттың реформасы оны жаңа жағдайда жұмыс істеуге алып келді және өзекті мәселелерді шешуге дайындады. Мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі мен кадрларды іріктеудің үш сатылы жүйесі сапалы өзгерістердің тетігіне айналды, бұлар жаңа аппараттық шешімдер форматында көрініс тапты, ал мемлекеттік қызметшілерді ұдайы аттестаттаудан өткізіп отыру олардың тиімділігін бақылады.
Сот және құқық тәртібі жүйесі ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендірілді және бұл оның құрылымына өзгерістер әкелді: жергілікті полиция қызметі, сондай-ақ жаңа инстанция – сот шешімдеріне шағым түсіру үшін Сот қазылары пайда болды.

Экономика және еңбек қатынастары саласындағы заңнама отандық бизнеске қолайлы жағдай тудырды. «Бизнесті жеңіл жүргізу» рейтингінде Қазақстан 189 елдің арасында 41-орынды, ал еңбек нарығының
тиімділігі бойынша 140 елдің ішінде 18-орынды иеленді. Инвестициялық белсенділік артты, шетелдік инвесторларға «даңғыл жол» ашылды.
Қазақстандық бірегейліктің беки түсуі де маңызды болды. Қазақстан халқы Ассамблеясы алғаш рет азаматтық өкілдіктің қоғамдық қызметі, жаңа әлеуметтік лифт және қайырымдылық қоғамдастығы ретінде жұмыс істей
бастады. ҚХА-да әлеуметтік-тұрмыстық негіздегі дау-жанжалдардың алдын алуы үшін медиацияның инклюзивті жүйесі құрылды.

Шаралардың арнайы кешені мемлекеттік институттардың ашықтығын арттыра түсті, қатаң есеп беру қағидаттарын енгізді. Бүкілхалықтық бақылаушы органдар ретінде қоғамдық кеңестер құрылды, мемлекеттік
құрылымдар жетекшілерінің, әкімдердің және ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының атқарылған жұмыс туралы жыл сайынғы есеп беруі міндеттелді. Елді мекендердегі заңды тұлғалардан жерге және көлік құралдарына салық жинау қызметі жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде берілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы «бір терезе» қағидаты бойынша ХҚО базасында жұмысқа кірісуге дайындала бастады.

2017 жылдың 25 тамызында Жаңғыру бойынша ұлттық комиссияның қызметіне байланысты жиналыс өтті, онда Елбасы Ұлт жоспарының аса маңызды аспектілеріне назар аудартты және биліктің барлық тармақтары
алдына нақты тапсырмалар қойды.