Қазақстандықтар бүгіннен бастап БАӘ-ге визасыз бара алады

Қазақстандықтар бүгіннен бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз бара алады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ҚР СІМ Қайрат Әбдірахманов 2017 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне барлық төлқұжат түрлерімен визасыз қатынау жөніндегі келісім жасалғанын мәлімдеді. Аталған құжатты БАӘ барлық әмірліктері мақұлдады.

БАӘ-дегі ҚР Елшісі Қайрат Лама Шариф визасыз сапар аясында отандастары нені ескеруі керектігі туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қазақстандықтар аталған елде 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Ал ол мерзімнен асып кетсе айыппұл төлейді. Айыппұл көлемі жергілікті заңнамаға сәйкес, бірінші күні 200 дирхам, ал одан кейінгі күндер үшін 100 дирхам болып белгіленген. Визасыз режим кезінде келіссөздер мен кездесулер өткізуге рұқсат етілген.

«Қамшы» сілтейді