НҰРЛЫ БОЛАШАҚҚА «НҰР ОТАНМЕН»
Екі мың оныншы жылдардағы жетекші және халық алдында жауапты саяси күш партиясы – «Нұр Отан» партиясы болды. 2011–2015 жылдардағы президенттік және парламенттік сайлаулар барысында «Нұр Отан» партиясының саяси және ұйымдық тұрғыдан нығаюы жалғасын тапты. Оның билік партиясынан билеуші партияға айналуы – Үкімет пен Парламентке тәуелсіз, дербес саяси энергетика тоғысуы басталды.
2013 жылдың 18 қазанында «Нұр Отан» партиясының XV съезі өтті. XV съездің маңызды құжаты – 2013 жылдың тамызында қоғамдық және партияішілік талқылауға ұсынылған «Нұр Отан» партиясының доктринасы болды. Мұнда «Нұр Отан» партиясы – қоғамды біріктіретін және Ұлт көшбасшысының мемлекеттік бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басым саяси күш, ал оның саяси платформасы – тұрақтылық пен бірлікке,
әлеуметтік-экономикалық прагматизмге, орнықты дамуға және халықтың барынша кең топтары мүдделерінің теңгеріміне негізделген орталықшылдық екендігі белгіленді.
XV съезде партияның атауына түзету енгізілді: «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, енді өзін центристік саяси күш ретінде көрсетуімен байланысты «Нұр Отан» партиясы деген нақты әрі ықшам атауға ие болды.
Партияның XVI съезі Бес институционалды реформа және Президент сайлауы белгісімен өтті. 2016 жылы 29 қаңтарда Астана қаласында ашылған XVII съездің жұмысына екі мыңнан астам адам қатысты. Делегаттар сайлауалды бағдарламаны қабылдады, сайлауға түсетін Парламент Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттардың партиялық тізімін бекітті. Бұл ретте, партия барлық саяси күштермен құрылымдық қарым-қатынасқа дайын екендігі ресми түрде хабарланды.
2017 жылдың күзінде барлық қажетті саяси шешімдер және Үшінші жаңғыру бойынша іс-қимыл жоспарлары қабылданды, осының бәрі, сөз жоқ, «Нұр Отанға» жаңа талаптар қояды. 2017 жылғы Конституциялық реформа Парламенттің және еліміздегі партиялық-саяси жүйенің рөлін күшейтті. «Нұр Отан» билеуші партия мәртебесін сақтап қалу үшін жоғары бәсекелестік дәуірінде, өз деңгейінде идея, платформа, кадрлар, көпшілікпен қарым-қатынас, сауатты және заманауи құрал-жабдықтар арқылы қоғаммен жұмыс істеуге дайындалуы керек.
Әлемдегі көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, көшбасшы саяси күші бар партиялық жүйе жаңғыруды жеделдетуге көшкен мемлекеттің мәселелерін шешуге неғұрлым қолайлы. Көшбасшы елдердің отыздығына апарар жолда тек қана ірі, күшті жалпыұлттық орталық партия ғана саяси биліктің және қоғамның үдемелі ұйысуын қамтамасыз ете алады.
Жаһандық тұрақсыздық жағдайында «Нұр Отан» партиясы 2010-шы жылдары дамудың тұрақтылығы мен жалғастығын қамтамасыз ететін, өзекті саяси институты бар жүйе құратын құрылым бола алды.