ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰҢҒЫШ РЕТ ЖАУЫНГЕРЛІК ҰШАҚТЫ МЕҢГЕРГЕН ӘЙЕЛ АДАМ

«Қазақтандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, еліміз қарулы күштерінің мақтанышы болған ұшқыш қыздың есімі Ардана Ботай. ҚР Қарулы күштерінің тарихында айтулы оқиға жасаған ол ел тарихында бірінші рет әскери жойғыш ұшақты бағындырды. Ол көпфункционалды 4++ жаңа буындағы, жоғары маневрлі Су-30 СМ жауынгерлік ұшағында экипаж командирі ретінде дербес ұшуды алғаш рет орындаған әйел адам. Осылайша ол жауынгерлік авиациядағы әйелдердің ерлермен тең дәрежеде күрделі міндеттерді орындай алатынын дәлелдеді. Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген Ардана бала кезінен ұшқыштарға еліктеп өсті. Қазір ол Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиациялық базасының ұшқышы. Ол бұған дейін Астана қаласының мемлекеттік авиациялық орталығында ұшып машықтанған. TL-20006 Tecnam P-2002, Diamond DA42 екі қозғалтқышты аса жеңіл ұшақтарын игерген.

«Алған әсерім керемет. Суреттеп жеткізе алмаймын. Мақсатыңа жетуден артық бақыт бар ма?! Мен үшін бұл — үлкен қадам. Жұмыс барысын, жалпы барлығын біз жерде, тренажерда үйреніп, игердік. Сондықтан ерекше әсер алдым, тіпті белгілі бір дәрежеде адреналин деп айтар едім» дейді ол.