ӨҢІРДІҢ ӨРКЕНДЕУІ — ЕЛДІҢ ГҮЛДЕНУІ

2010 жылғы Жолдауда өңірлердің теңдей дамуы мен бүкіл елдің дамуы арасына теңдік белгісі қойылды.

«Қазақстанның батысында – мұнай-газ және химиялық секторды, көлік қуатын, орталықта, солтүстікте, оңтүстік пен шығыста тау-кен металлургиялық кешені, атом, химия өнеркәсібін, аграрлық саланы дамытқан жөн деп санаймын. Шикізаттық емес секторды солтүстік және оңтүстік өңірлерде шоғырландырып, ал болашақтың
экономикасын Астана мен Алматыда дамыту ақылға қонымды»- деді Елбасы.

2011 жылдың қаңтарынан бастап өңірлерді, сондай-ақ аймақтарды дамытудың бесжылдық бағдарламалары жасалды. Олар өңірдегі өзекті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге, өмір сүру деңгейін
жоғарылатуға және тұрғындарды жұмыспен қамтуға, өндірістік, еңбек
және зияткерлік әлеуетті арттыруға бағытталды.

Н.Назарбаев 2012 жылғы қаңтардағы Жолдауында кіші қалаларды дамыту мәселелерін алға қойды. Бұларда өндірістік өнеркәсіптердің және еңбек ресурстарының негізгі бөлігі әдеттегідей бір профильді кәсіпорындарға бөлінген еді. Соның нәтижесінде мамыр айында Үкімет кіші қалаларды дамытудың 2020 жылға дейінгі Бағдарламасын қабылдады. Бұл Бағдарламаға енген қазақстандық 27 қаланың ішінде – Теміртау, Степногор, Шахтинск, Жезқазған, Жаңаөзен, Арқалық, Кентау, Қаратау, Абай, Рудный, Серебрянск және басқалары бар.
2012 жылы желтоқсан айында, «Қазақстан-2050» стратегиясында Н.Назарбаев барлық өңірлер бір-бірімен ажырамас байланыста жұмыс істеуі тиіс екенін атап көрсетті.

Үкімет өңірлік бағдарламаларға түзету енгізді және толықтырды, содан соң 2014 жылғы маусымда өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі біртұтас бағдарламасын бекітті. Оның негізіне бес бағдарлама алынды: шағын қалалар мен өңірлерді дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтарды жаңғырту, «Ақ бұлақ», «Қол жетімді баспана», сондай-ақ шағын қалалар мен шекаралық аймақтарды дамытуға байланысты шаралар. Дәл осы біртұтас бағдарлама көптеген қазақстандықтардың жекеменшік баспана туралы армандарының жүзеге асуына көмектескені анық.

Елдің дамуына қажетті шынайы бәсекелестікті дамыту үшін 2016 жылы наурыз айында Қазақстан қосарлы-ұлттық «Doing Business» рейтингін – бизнесті жүргізудің шарттары рейтингін мәреге шығарды. Атап өткен жөн,
әлемдік «Doing Business» рейтингінде Қазақстан 2015 жылы 189 елдің арасында жоғары 41-орынды иеленді. Бұдан соң Үкіметтің рейтинг шарттарын аймақтарға таратуды қолға алғаны түсінікті болса керек. Бұл жоба бизнес-климатты жақсартуға, қалалар мен облыстар арасында бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін болады. Алғашқы қосарлы-ұлттық бизнес жүргізу рейтингінде 2017 жылы бірінші орындарға Алматы және Актөбе облысы шықты.
Өңірлік саясат – Қазақстанды біртұтас, жан-жақты дамыту саясаты. Ол халық пен капитал шоғырланған, өсімнің алға сүйреу «орталықтарын» дамыту бағытында мемлекеттің бүкіл аймағына – Астанадан шекаралық аудандарға дейін ұласып жатты.