ЕЛБАСЫ БАСТАМАСЫМЕН ҚОЛҒА АЛЫНҒАН «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасымен 2016 жылдың соңында Үкімет «Нұрлы жер» бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама қазақстандық отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы ипотекалық несиелеуді қолдауға бағытталған. Халыққа ЕДБ ипотекалық қарыздары әлдеқайда қолжетімді болмақ. Ипотекалық несиелеу нарығын жандандыру мақсатында азаматтарға екінші деңгейлі банктердің алғашқы тұрғын үйді сатып алуға берілетін ипотеканың пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін мемлекеттің субсидиялауы арқылы халықтың сұранысын ынталандыру қарастырылған
Бағдарламаның міндеттері: 1. Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру 2. Халықты сапалы ауызсумен және су бұру қызметтерімен ұтымды қамтамасыз ету 3. Тұрғын үй-коммуналдық секторды жаңғырту  және дамыту 4. Тұрғын үй қорын күрделі жөндеу және реновациялау 5. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін  жетілдіру.

«Нұрлы жер» – халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік бағдарлама. Ол жаңа пәтер, жеке үй сатып алуға мүмкіндік береді. Баспана дайын күйінде сатылады.

Ипотека бойынша жылдық мөлшерлеме – жылына 5% (қарыз бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 5,2%), бастапқы жарна — 20%-тен жоғары. Кредит беру мерзімі – 25 жылға дейін.