ӨҢІРЛЕРГЕ БӨЛІНГЕН ЕРЕКШЕ КӨҢІЛ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан — 2050» стратегиясында еліміздегі қалалық тұрғындар үлесін 2050 жылға қарай 70%-ға дейін жеткізу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елді урбанизациялау маңыздылығын атап өтіп, көші-қон үрдістерін басқару бойынша пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды. Өңірлердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында «Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды.

«Өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру елде урбанизация деңгейін 2025 жылға қарай кемінде 62%-ға жеткізуге мүмкіндік береді, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, көлік, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымын, жалпы, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады. 2025 жылға дейін ӨД МБ қаржыландырудың жалпы көлемі 1,3 трлн теңгені құрайды. Басымдықтар ретінде дамыту анықталды: бірінші деңгейлі орталықтарын бар төрт агломерацияны (өсу орталықтарын) — елордалық, Алматы, Шымкент, Ақтөбе агломерацияларын; екінші деңгейлі қалалардағы орталықтарымен 14 урбанизацияланған аймақты – облыс орталықтары мен Семей; 18 шекара маңы шағын қалалар мен шектес аумақтарды, сондай-ақ тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын моноқалаларды; «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында тірек және серіктес ауылдық елді мекендерді. 3477 тірек және серіктес ауылдар өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес толық нысандармен және қызметтер қамтылатын болады. 7 млн ауыл тұрғынының немесе ауылдықтардың 90%-ның өмір сүру сапасы артады» деп атап өтті Үкімет басшысы Асқар Мамин.

Бағдарламаның міндеттері: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялар — функционалдық қалалық аудандарды дамыту. 2. Облыс орталықтарында, Семей қаласында орталықтары бар функционалдық қалалық аудандарды дамыту 3. Функционалдық қалалық аудандар құрамына кірмейтін,халық саны 50 мың адамнан асатын моноқалаларды дамыту 4. Аумақтары іргелес жатқан шекара маңындағы моно және шағын қалаларды дамыту. Соңғы бес жылда Қазақстандағы ірі қалалардың тұрғындарының саны 15%-ға артты.