ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ
Ел Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде өскелең ұрпақтың жарқын болашағы үшін барлық жағдай жасалуда. Мемлекет басшылары бала және оның болашағын ешқашан елеусіз қалдырған емес.
Президент тапсырмасымен дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға қосымша қаржы бөлу, спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасау, балалардың спорт секцияларында айналысу уақытын көбейту, сондай-ақ құрылыс нормаларын қайта қарап, оған құрылыс салушылардың көп пәтерлі үйлердің аулаларында спорт-ойын алаңдарын салу міндетін енгізу, қала және ауыл тұрғындарының спорт нысандарын тең қолдануға мүмкіндік жасау сияқты мәселелер саланың басты басымдығы ретінде белгіленген болатын.
Осыған орай Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың қала аумағындағы инфрақұрылым жүйелерін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов және қалалық мәслихат депутаттары аудандағы абаттандыру жұмыстарының барысын аралады. Аудан әкімі және мәслихат депутаттары құрылысы жүріп жатқан балалар ойын алаңшасының жаттығу элементтерімен танысты. Аудан басшысы жауапты мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы орындап, түрғындар игілігіне пайдалануға беру қажеттігін тапсырды. Аталған алаңшаның құрылыс жұмыстары «Назар» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Жобаны 2021жылы қазан айының соңына аяқтау жоспарлануда. Сонымен бірге, Қаратау ауданы аумағында бүгінгі күнге дейін 94 балалар ойын алаңшасы абаттандырылса, алдағы уақытта шамамен 15-ке жуық ауланы аббаттандыру жұмыстарын жүргізу қолға алынатын болады.