ХАЛЫҚТЫ БІРІКТІРГЕН ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

2013-2014 жылдардың шебінде, «Қазақстан-2050» стратегиясы ұсынылғаннан кейін, бүкіл Қазақстан халқының рухани дамуының басты бағдары іспетті Мәңгілік Ел патриоттық актісі ҚХА-ның XXIV сессиясында
ұсынылып, қабылданды.

Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясы Қазақстан халқы егемендік жылдарында қол жеткізген негізгі құндылықтарды өз бойына жинақтады, бұлар:
– Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана; жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары рух; индустриаландыру және инновация негізінде экономикалық өсу; Жалпыға ортақ еңбек қоғамы; тарихтың, мәдениеттің және тілдің ортақтығы; ұлттық қауіпсіздік және жалпыәлемдік, өңірлік проблемаларды шешуге толық қатысу.

Елбасы бұл туралы: «Біз, қазақстандықтар, біртұтас халықпыз және біздің бәрімізге ортақ тағдырымыз бар – бұл біздің Мәңгілік Ел, біздің даңқты Қазақстан. Дәл осы құндылықтар, барлық қазақстандықтарды біріктіреді және ел болашағының іргетасын қалайды. Бұлар аспаннан алынған теориялар емес. Бұл құндылықтар – уақыт сынағына төтеп берген қазақстандық жолдың тәжірибесі. Бұл мемлекет қалыптастырушы, жалпыұлттық құндылықтардың бойында жаңа қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі жатыр.
Мәңгілік Ел бағдарламасына қазақстандық зиялылар көп жылдар бойы талқылаған ұлттық бірегейлік туралы пікірталастардың нәтижесінде жеттік. Ал Қазақстандағы рухани құндылықтардың көрнекі әрі көзге
түсетін символы деп 2011 жылы 16 желтоқсанда, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы құрметіне Астанада ашылған Мәңгілік Ел Триумф қақпасын атаймыз» деген болатын.