ТАРИХЫН ТҮГЕНДЕГЕН ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ

2010-шы жылдары қуанышы мен қайғысы ортақ барша ұлт өкілдерін тұтастыратын, Отан тарихында орны бар маңызды батырлық және қайғылы оқиғаларды сана сүзгісінен өткізуге ерекше мән берілді.
2012 жылы 31 мамыр – Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде «1932-1933 жылдардағы «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі ашылды.

2013 жылы әлемнің ірі архивтерінде жатқан Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды жүйелі түрде іздеу және зерттеу бойынша «Халық тарих толқынында» атты жоба қабылданды.

Тарих пен заманауи кезеңнің байланысын терең зерделей білу – Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсандағы салтанатты жиын кезінде сөйлеген сөзінің лейтмотивіне айналды. Алда келе жатқан 2015 жылы көптеген маңызды істер күтіп тұрған еді: Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы; Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы; Қазақ хандығының 550 жылдығы; Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы.

Мәдение мұраға деген құрмет – тарихи оқиғалар ескерткіші ретінде ұлттың бірыңғай сана-сезімінің мәнді бөлігі. 2015 жылы Қазақстанда атақты ғылым және мәдениет қайраткерлерінің мерейтойлары: көрнекті
шығыстанушы, ғалым Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығы, Ұлы Абайдың 170 жылдығы және аса көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығы кеңінен аталып өтті.

Бірыңғай ұлт тарихын нығайтатын киелі атаулы күндер арасында қазақстандықтардың ерекше атап өтетін мейрамы – Жеңіс күні. Астана қаласында 2015 жылғы мамырдың 7-сі күні Жеңістің 70 жылдығына арналған
әскери шеру болып өтті.
Бұл екі мерекенің бірінің артынан бірі келуінің символдық мәні бар. Бұл әскери дәстүрлердің сабақтастығын білдіреді. Майдандағы әскери ерлік пен тылдағы жанкешті еңбек Жеңісті жақындата түсті. Қазақстан халқы Ұлы Отан соғысының батырларын зор құрметпен қастерлейді. 2008 жылы Астанада Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлына ескерткіш орнатылды. 2015 жылы 7 мамырда «Жерұйық» саябағында батыр панфиловшыларға арналған монумент салтанатты түрде ашылды. 2016 жылдың 19 қазанында Астана қаласында Рақымжан Қошқарбаев ескерткішінің ресми ашылуы өтті. 1945 жылы Қызыл армия құрамындағы қазақ солдаты ресейлік Григорий Булатовпен бірге бірінші болып Рейхстагтың төбесіне Жеңіс туын тікті.

Айтулы күндер, оқиғалар, мерейтойлар – Қазақстан тарихы мен мәдениетінің кезеңдері, асқан асулары. Бірін-бірі толықтыра отырып, олар ұлттық тарихымыздың бірлігін нығайтып, қазақстандық қоғамды ұйыстыра түседі.