БІЛІМДІНІҢ КҮНІ — ЖАРЫҚ

Тәуелсіздіктің 30 жылында айтарлықтай жетістікке жеттік. Әйтсе де, тоқмейілсуге болмайды. Әсіресе бүгінгідей білім мен инновацияның дәуірлеген кезінде жан-жақты біліммен қаруланып, ғылымға ден қою шарт. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 –2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген. Біз өрлеуді өмірінің өзегі еткен халықпыз. Мына заманда «Өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады». Сендер, тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тарихи жауапкершілік арқалайтын азаматсыңдар. Осы жауапкершілікті сезіне бі­ліңдер» деп, білімді ұрпаққа артылар міндет жүгін тобықтай сөзбен сездірген еді.

Қазақстанда білім беруді және ғылымды дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені іске асырылуда. 2015 жылы республика өзіне Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарына, оның ішінде бәрін қамтитын және әділ сапалы білім беруді және баршаға арналған өмір бойы оқу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз етуді көздейтін 4-мақсатына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді қабылдады. Оған қол жеткізу үшін әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі бағыттары айқындалды: мектепалды даярлықты қамтамасыз ету, 12 жылдық мектеп білімінің моделі, оқушылардың бойында 21 ғасыр дағдыларын дамыту, арзан және сапалы ТжКБ мен жоғары білімге тең қол жеткізу. Аталған бағыттар қазақстандық білім беру жүйесі үшін де басым болып табылады.
2017 жылы Қазақстан ЭЫДҰ-ның екі бейінді комитеті – Білім беру саясаты комитеті мен Ғылыми және технологиялық саясат комитетінің қатысушысы болды, бұл қазақстандық білім жүйесі жетістіктерінің халықаралық аренада танылғанын куәландырады.

Алайда отандық білім және ғылым жүйесінде шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелер бар. Қазақстан халқының сауаттылық және құзыреттілік деңгейін бағалау әлемнің көптеген елдерінен елеулі артта қалғанын куәландырады. ЭЫДҰ-ның ересектердің (16-65 жас) құзыреттілігін халықаралық бағалау бағдарламасының (PIAAC) нәтижелері бойынша Қазақстан оқу бойынша 34-орынды, математикалық сауаттылықтан (39 елдің ішінен) 33-орынды және ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласындағы сауаттылық бойынша (36 елдің ішінен) 32-орынды иеленді. Білім және ғылым жүйесіндегі бұл жағдай өзгермейтін болса, таяу перспективада ұлттық адами капитал одан әрі нашарлап, кәсіби кадрлардың азаюы және еліміздің экономикалық әлеуетінің төмендеуі орын алады.

Білім саласы ылғи да басты назардан түскен емес. Себебі, алыс болашағымыздың жарқын болмағы дәл осы білімге бөлген көңілге байланысты өрбімек.