«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНЫҢ МӘНІ
«Мәңгілік Ел» идеясы тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік жаһандану көшіне енген кемелденген қазақстандық мемлекет құрудағы сіңірген еңбегінің тарихи мазмұны да ерекше. Заманауи Қазақстан «Мәңгілік Ел» идеясына біріккен көп ұлттың өкілдерінің ортақ Отаны. Сонау Қазақ хандығы құрылған сәттен бастап-ақ қазақ халқы небір жаугершілік заманды кешіп, «Алқакөл сұламадан» өтті. «Елім-айлаған» небір зар заманды да, ашаршылық пен жаппай ұжымдастыру, Алаш зиялыларын аластатқан аласапыран кезеңді де, саяси құғын-сүргін мен атом сынақтарының алапаттары секілді бар қиыншылықтардан сүрінбей өтіп, әлемдік ұлттық қауымдастықта ойып тұрып лайықты орын алды. Бұндай биіктікке көтерілу қазақ халқы үшін үлкен мақтаныш екенін ескерсек, біздің ұлттың тарихы түзу, тамыры терең екенін ұғынамыз.
Дегенменде, ХХ ғасыр басындағы аласапыран кездері ұлт мақтанышы, Алаш арысы Міржақып Дулатов: «Келешек күннің қандай болашағын білуге тарих анық құрал болады. Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді. Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады», – деп өзінің «Түрік баласы» атты жазбасында жазды.
Бүгінгі жас ұрпақ өмір сүріп отырған бейбіт заман бабаларымыздың ғасырлық арманы болғаны аян. Ол туралы қазақ әдебиеті ғылымының көрнекті өкілі Бейсембай Кенжебаев 1940 жылы жазған тарихи очеркінде: «Абылайға дейін болсын, Абылайдың тұсында болсын қазақ халқының арман еткені: 1) өз алдына ерікті ел болып, өзін өзі меңгеру, 2) ата қонысына жайғасып, бейбіт еңбек етіп, шаруашылық шалқыту, 3) бір ауызды, ынтымақты болып, отанын, елдігін қорғау», — деген еді.
Елбасы ұсынған ұлы идеялардың мәңгілікке ұштасауына осы үш қағида тәуелсіздігімізді алып, бодандықтан құтылғаннан кейінгі жерде салтанат құрып келе жатқандығы арқау болып отыр.