ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ЖАСТАР КЕҢЕСІ ӨТТІ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б.Пармановтың қатысуымен аудан әкімі жанындағы жастар кеңесі өтті. Аудан әкімі Абай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» бөлімшесінің жұмыс барысымен танысып, жастармен тілдесті.
Аталмыш шарада Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысының орынбасары Ерлан Альжанов презентациялық баяндама жасады. Онда орталықтың бірінші қабаты жастарға қызмет көрсету, екінші қабаты релакс зона және коворкинг, үшінші қабаты психологиялық жеке қабылдау және тезисный зал бағыттары бойынша жұмыс жасайтындығын айтып өтті.
Белсенді жастар тарапынан ерікті жастарға арналған мейірім порталының қызметін ұйымдастыру, «Саябақтағы кешкі уақыт» тақырыбында жастар көп шоғырланатын жерде Street Workaut алаңшаларын ашу, аулаларда салынып жатқан спорт алаңшаларының төбесін жабу; әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы төмен отбасыдан шыққан мектеп оқушыларын MMA, бокс, кикбоксинг және т.б спорт түрлеріне тегін қатысуына жағдай жасау секілді ұсыныстар айтылды.
Аудан әкімі алдағы жоспарларымен бөлісіп, қаланың дамуына жастардың белсенділігі қажет екенін атап өтті.
Абай аудандық жастар орталығының мекенжайы: Шымкент қаласы, Кремлевский №48а (Жабық базар жанында)
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі