ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БЕТБҰРЫСТАР

Білім беру ұйымдарын басқару жүйесіне енгізілген жаңалықтар білім беру ұйымдарының академиялық еркіндіктерін кеңейтудің жаңа кезеңін бастады. Осыған байланысты жоғары оқу орындарына қабылдау қағидаттары өзгертілді, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға көшу жүзеге асырылды. Кейіннен жоғары оқу орындарының студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа моделі енгізілді: талапкерлерге конкурстық негізде мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім беру кредиттері берілді. Президенттің «Болашақ» бағдарламасы еліміздің адами капиталын дамытуға елеулі үлес қосты.

Жоғары кәсіптік білім беру жүйесінің стратегиялық даму кезеңінде білімге МЕМЛЕКЕТТІК МОНОПОЛИЯДАН бас тарту, білім беру саласын қатаң орталықтандырылған басқаруды жою және жоғары оқу орындарының қызметін қатаң реттеу қарастырылған. Бұл жоғары білімнің мемлекеттік емес секторының тең жағдайда дамуына әкелді. Жоғары оқу орындарының мүмкіндіктерінің теңдеуі үшін мемлекет студенттерді ақылы негізде қабылдау және оқыту құқығын алады, осылайша жоғары білім беруді қаржыландыру көздері әртараптандырылады. Жоғары кәсіптік білім беру сатылары арасындағы нақты сабақтастықты қамтамасыз етуге білім беру бағдарламаларын үйлестіру және бейімдеу арқылы қол жеткізілді.

Ғылымды дамытудың жаңа тәсілдерін қалыптастыру ғылыми-өндірістік сектордың дамуына серпін берді. «Қазақстан Республикасының Ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» ҚР Заңының (1992 жыл) негізіне алынған дербес ғылыми-техникалық саясатты және елдің ғылымын басқару жүйесін қалыптастыру ғылым және жаңа технологиялар министрлігін, ал кейінірек ҚР Білім және ғылым министрлігін құру қажеттілігін тудырды.