ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРГЕН СПОРТШЫЛАР
Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылындағы ордалы істерді еске алсақ, әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктермен ғана емес, спорттық жеңістермен де есте қалғанын атап өту қажет. Дене шынықтыру және спорт саласының қарқынды дамуы әлемге жаңа есімдерді ашып, Қазақстанды мықты және дені сау ұлт қалыптастыратын ел ретінде көрсетті.
Тәуелсіздік алған сәттен Қазақстанның үлкен спорттағы алғашқы жеңісін, бірінші алтынын 1994 жылы Лиллехаммердегі қысқы Олимпиада ойындарында шаңғышы Владимир Смирнов сыйлады. 30 жыл ішінде Қазақстанның спорттық жетістіктерінің басым бөлігін былғары қолғап шеберлері сыйлады. Олимпиадада алғаш рет бокстан алтын медальді Василий Жиров жеңіп алды. Ол үшін де, Тәуелсіз Қазақстан үшін де 1996 жылы бұл алғашқы алтын медаль болды. Уақыт өте келе Ермахан Ибраимов, Бекзат Саттарханов, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев және Данияр Елеусіновтей жасындай жарқылдаған ерлер еліміздің туын биіктен желбіретіп, әнұранымызды әлемге тыңдатты. Бокстан өткен Олимпиада ойындарындағы жеңіс туын Қазақстан 2008-2016 жылдар аралығында 4 жыл қатарынан алып жүрді. Әрине, біздің заманымыздың көрнекті былғары қолғап шебері-біздің отандасымыз Геннадий Головкинді айтпай кетуге болмас, оның есебінде 41 жеңіс бар. 2016 жылы Головкин Гиннестің рекордтар кітабына еніп, әлем чемпионы атанды, нокаутпен жеңістердің ең жоғары пайызы – 91,67%. Оның ұлттық қазақ шапанында рингке шығуы дәстүрге айналды, ал GGG аббревиатурасы — әлемге әйгілі бренд.
Рингтегі жеңістер ел жетістіктерінің қоржынын айтарлықтай толықтырып қана қоймайды, Қазақстанның әлемдік спорт аренасында танымал болуына үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік жылдары еліміз жеңіл атлетика, күрес, жүзу, биатлон, ауыр атлетика, велоспорт және мәнерлеп сырғанау бойынша жарыстарда табысқа қол жеткізді.
Біздің спортшыларымыздың жеңістері халықаралық спорт аренасында еліміздің имиджін көтерудегі үлкен қадам болды және әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстарды өткізудің жарқын алаңы ретінде Қазақстанға назар аударды. 2011 жылы еліміз алғаш рет Халықаралық Олимпиада комитетінің қамқорлығымен өткен жарыстардың — VII Қысқы Азия ойындарының «иесі» атанды, оған 26 ел қатысты. Сол кезде Қазақстан құрамасы жалпы саны 70 медальға ие болды, оның 32 – сі-алтын.
2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік Қысқы Универсиаданы өткізу республиканың маңызды жетістігі болды, оған 50-ден астам елден 1500-ден астам спортшы қатысты.