ЕЛ АЙБАРЫН АСЫРҒАН ЕЛБАСЫ

2010 жылы Қазақстан ТМД мен Орталық Азиядағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын басқарған алғашқы ел болды. 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етті. Сол кезде БҰҰ мүшелері Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамаларына, әсіресе, ядролық қаруға қарсы қарусыздану, халықаралық терроризмге қарсы іс-қимыл, сондай-ақ «Әлем. XXI ғасыр » манифесіне қарап Қазақстанның пайдасына таңдау жасады.

Қазақстан халықаралық ұйымдар желісі бойынша да, екіжақты форматта да әлемдік деңгейдегі гуманитарлық бағдарламаларға белсенді қатысуда. Мысалы, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы аясында қазақстандық тарап аймақтағы көршілеріне, бірінші кезекте Қырғызстан мен Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетті. Сонымен қатар, Қазақстан бұл елдердегі жағдай күрт нашарлаған кезде Қытай мен Ресейге өз көмегін ұсынды.

Ауғанстан аумағындағы жағдай нашарлағаннан кейін Қазақстан алғашқылардың бірі болып «өртті»сөндіруге асықты. Әлеуметтік-гуманитарлық шиеленістің өсуіне жол бермеу үшін жаңа Ауған билігімен бейресми келіссөздерді жандандырды және ауған халқына барлық мүмкін көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының мамандарын өз аумағына орналастырды. Жағдайды жедел реттеу бойынша жан-жақты келіссөздердің белсенді қатысушысы болды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан сыртқы және ішкі саясаттың бірегей тұжырымдамасын әзірлеп, сол арқылы халықаралық аренадағы ұстанымын нығайта алды. Бұдан басқа, Қазақстан Қауіпсіздік, Ынтымақтастық және даму саласындағы жаһандық және өңірлік күн тәртібін қалыптастыруға және іске асыруға қомақты үлес қосуда. Мұның барлығы бейбітсүйгіш, бір елдің емес, адамзаттың болашағын алыстан аңдайтын парасатты Елбасының бастамаларымен қолға алынған шаралар.