ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚОЛДАУЛАР
Ғылымды реформалау бойынша жұмыстың жалғасы 2015 жылы қабылданған «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» ҚР Заңы болды, ол ғылыми зерттеулерді практикалық іске асырудың жаңа тетіктерін әзірлеуге, ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізуді қамтамасыз етуге бағытталған.
Қабылданып жатқан мемлекеттік шаралар ғылыми-зерттеу қызметін кеңінен ынталандыруға бағытталды – бұл жалпы ғылымды қаржыландыруды ұлғайту, ғылымды қаржыландырудың 3 нысанын енгізу: базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, әлемдік ғылыми орталықтармен бірлескен зерттеулер, зерттеу университеттерін ашу және басқалар. PhD докторантураның жаңа бағдарламалары бойынша ғылыми кадрларды даярлау үшін гранттар жылына 2 мыңнан астам, сондай – ақ шетелдік, оның ішінде Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақ»халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамалар саны ұлғайтылды. Отандық ғалымдардың материалдық мәселелері де шешілді. Сонымен, әлеуметтік қолдау жобасы бойынша Жас ғалымдар пәтер алды, PhD докторанттары үшін стипендия мөлшері 80%-ға ұлғайды, сондай-ақ ғылыми жетістіктері үшін Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық және ғылымның түрлі салаларындағы жыл сайынғы атаулы сыйлықтар (мөлшері 150-ден 350 айлық көрсеткішке дейін) және ғылыми стипендиялар беріледі.
2020 жылы ҒЗИ-ға техникалық жаңғырту жүргізілді: ғылыми ұйымдардың базасын жаңғырту және нығайту жөніндегі жаңа бюджеттік бағдарлама бойынша (2,8 млрд теңге) 23 институт зертханалық жабдықтар сатып алды. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға 3,8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді және ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Ж.Құрманғалиева атап өткендей, ғылыми институттарды жаңғырту кейінгі жылдары да жалғасады. Ғылыми қызметкерлерге еңбекақы төлеудің негізгі көзі болып табылатын жобаларды қаржыландыруға арналған конкурстар кеңейтілді. Мәселен, егер бұрын ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған конкурстар үш жылда бір рет жүргізілсе, 2020 жылы 5 конкурс өткізілді. Алғаш рет гранттардың жаңа түрлері енгізілді: коллаборацияға (3 жылға), қысқа мерзімді (1 жылға), жеке, жас ғалымдарға және республика ғалымдарына елеулі мемлекеттік қолдау көрсетіледі.