ҚАЗАҚСТАН — ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІМЕН МЫЗҒЫМАС ДОСТЫҚТА
Қазақстан – Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан сияқты ортаазиялық дос, бауырлас елдермен өзара тиімді ынтымақтастықтың дамуына ерекше көңіл бөліп келеді.
2012 жылғы қаңтар айында, дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуы қарсаңында Өзбекстан президенті И. Кәрімов Қазақстанға ресми сапармен келді. Келіссөздер барысында Елбасы: «Біз елдің өркендеуіне
қуаныштымыз, өзбек бауырларымызға бейбітшілік пен табыс тілейміз. Қазақстанның есігі ашық, Өзбекстанмен тығыз байланыс жасауға ниеттіміз», – деп, екіжақты байланысты орнатуға мүдделі екенімізді ерекше атап көрсетті. Тараптар екіжақты құжаттарды түгендеп, тиянақтауға келісті. Өңірге ортақ дәулет – шекарааралық су-энергетика ресурстары келіссөздің маңызды мәселесінің бірі еді. И. Кәрімов атап өткендей, «бұл мәселені шешу үшін барлық елдер тиянақты
Өзбекстан президентінің Астанаға келуі – тараптардың өңірдің түйінді мәселелерін бірлесе талқылау мен шешімін табу үшін өзара келісімге мүдделі екендігін көрсетті.
Қазақстан 2010–2012 жылдары бауырлас Қырғыз еліне 30 миллионнан астам доллар мөлшерінде көмек көрсетті. 2012 жылдың тамыз айында Елбасы Қырғызстанға ресми сапармен барды. Қырғыз өнеркәсібін қолдау мақсатында бірлескен инвестициялық қор құрылды. Сондай-ақ 200 миллион тонна бидай қарызға беріліп, газ жеткізу мәселесі шешімін тапты.
2014 жылдың қарашасында Қырғызстан президенті Астанаға ресми сапармен келді. Қазақстан 2015 жылы 1,4 миллиард киловатт-сағат электр қуатын жеткізуге көмек көрсететін болып келісті, сондай-ақ Қырғызстан тарабы Қазақстанды вегетациялық кезеңде егістікке жіберілетін сумен қамтамасыз етуге уағдаласты. 2015 жылғы 12 тамыздағы Н.Назарбаевтың Қырғызстанға жоспардан тыс сапарының мәні зор болды. Сол күні Қырғыз Республикасының ЭЫДҰ-ға мүше болу туралы келісім күшіне енді және қазақ-қырғыз шекарасындағы кедендік бақылау алынып тасталды.
Елбасы 2015 жылы қыркүйек айында ресми сапармен Тәжікстанға барды. Тәжік халқын Тәуелсіздік күнімен және Гиссардың 3000 жылдығымен шын жүректен құттықтап, игі тілек білдірді. Біздің елдеріміздің арасында
саяси да, экономикалық тұрғыдан да алауыздық жоқ. Тәжікстан – бізге бауырлас ел, сондықтан да біз оның тұрақты дамуына мүдделіміз. Сондай-ақ екі мемлекет те ШЫҰ, АӨСШК және ҰҚКҰ аясында өзара тығыз
байланысты. Президент Э. Рахманов екеуміз Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойдық, бұл – ресми сапардың маңызды оқиғасы. Душанбедегі келіссөздердің қорытындысы бойынша, су-энергетикалық қауіпсіздіктің бүкіл Орталық Азиядағы маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан өңір елдерін келісімге, қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігі үшін ұзақ мерзімді, өзара тиімді
қарым-қатынас орнатуға шақырды.
2010 жылдардағы оқиғалар тізбегі өңірлерде, әлемде қандай жағдайлар туындаса да, түркітілдес мемлекеттермен және Орталық Азия елдерімен достық қарым-қатынасымыздың өзгермейтінін және бұл Қазақстан үшін айнымас басымдық екенін көрсетті.