ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАДАМДАР

Қазақстан дербес жүзеге асырған мемлекет құрылысынан бір ерекшелігі – қаржы нарығындағы ахуал тек бізге ғана байланысты емес еді.

Басында жаңа тәуелсіз мемлекеттер ортақ валютаны аумақта қалу ниетін декларациялаған болатын. Кәсіпорындардың көпшілігі төлемді кеңестік рубльмен жасады. Төл валютаға күрт көшудің бәріміз үшін де кінәратты зардабы болуы мүмкін еді.

Достастық мүшелері өз төл валюталарын енгізгенше, рубль аймағын сақтау туралы келісімге қарамастан, 1993 жылдың 26 шілдесінде Ресей айналымға өзінің ұлттық банкноттарын шығарды. Одақтас республикалардың ішінде Қазақстанға бұрынғыша ескі үлгідегі рубль жеткізіліп, ол ақша массамын ұлғайтумен қоса, инфляцияны да күшейтті. Оның қандай әлеуметтік зардаптарға ұшырататынын түсінгендіктен, Елбасы ұлттық валютаны жылдам қарқынмен басып шығаруға тапсырма берді. Теңгені Ұлыбританияда басты. Біздің елімізде ол кезде қағаз ақша фабрикасы болған жоқ. Басып шығарылған теңге өте құпия жағдайда Қазақстанға жеткізіліп отырды.

Н.Назарбаев теңгені батыл түрде тікелей енгізу керегін түсінді. Алдымен – кезеңдік, сосын бір жылдан кейін түпкілікті валюта енгізу арқылы халықты екі рет күйзеліске түсіріп, психологиялық қысым жасауға болмайтын. Сондықтан талқылаудан соң жұмыс тобы теңгені бірден айналымға енгізуге бірауыздан дауыс берді.

Оның дұрыстығы айдан анық еді. Республика тәуелсіз ақша-несие саясатын жүргізе алатын. Жаңа банкноттағы бірнеше қорғаныс деңгейі оны қолдан жасау мүмкіндігін қысқартатын.

Осы тарихи оқиғаға байланысты Н.Ә.Назарбаев отандастарына тастаған үндеуінде осы сәттен бастап шынайы тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының өтпелі сәті болған кезеңнен өтіп, жаңа уақыт басталғанын айтты.

Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларациясы қабылдана салысымен, мемлекет өзінің банк жүйесін қалыптастыруды бастады. 1990  жылдың 7 желтоқсанында Қазақ КСР Мемлекеттік банкі – жоғарғы деңгейде, ал төменгісінде коммерциялық банктер мен басқа да несие мекемелері тұрған қосдеңгейлі жүйенің негізін қалаған «Банктер мен банк қызметкерлері» туралы заң шықты.

1991 жылдың 20 маусымында Қазақ КСР Мемлекеттік банкі мемлекет меншігіне өтті және Ұлттық мемлекеттік банк болды.

Жаңа заң коммерциялық банктердің жылдам өсуіне екпін берді. 1991 жылы олардың саны  70 болса, келесі жылы 150-ден асты, ал 1993 жылы 230-ға жуықтады. Дегенмен солардың көпшілігі тұтыну мен ипотекалық несиелеу немесе қаржы лизингі сияқты толыққанды қаржы жұмысымен айналыспады. Тұрғындардың қаржысы мүлдем дерлік банк жұмысына тартылмады, нақты өндіріс несиені өте сирек алды.

1993 жылдың 13-14 сәуірінде Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» жаңа заңдар қабылдады.

Дегенмен Ұлттық банк мәселесін шешудің сәті тек 1995 жылы ғана түсті. 1995 жылдың 30 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Жарлық Ұлттық банкті тек Президентке ғана бағынышты етті және сол арқылы оны әр тараптан жасалатын саяси қысымдардан қорғады.  Тәуелсіздік алған Ұлттық банк сол жылдың өзінде инфляция қарқынын төмендетіп, оны 56 процентке дейін азайтқан қатаң монетарлы саясат жүргізе алды.