МӘҢГІЛІК ЕЛІМ ЖАСАСЫН!

Елбасының салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қанша ұлт өкілдері тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр.
Туған жерін жырға қоспаған, туған өлкесі жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар?! Менің туып өскен жерім егеменді Қазақстан. Біздің еліміздің табиғатына жететін табиғат жоқ шығар, шіркін!
Өзге ұлт өкілдерінің тату болып өмір сүруі – еліміздің жомарттығының арқасы. Өзге ұлт өкілдерінің басына қатер төніп, нәубет жфлдары құшағын айқара ашып, бауырына басқан қазақты жомар емей немене! Менде өз отаныма пайдамды тигізуге тырысамын! Мен әлі жарқ етемін, ант етемін!

Отан сөзі тек қана біз тұратын аумақ емес. Отан отбасынан, туыстардан, достардан басталады. Ол біздің екінші анамыз! Оны ауыстыра алмаймыз! Өз туған жеріңді ұмыту мүмкін емес! Ол сенің жүрегіңде тұрақталып қалған мәңгілік атау. Мен Қазақстанда туылғаныма шын жүректен қуанамын.

Туған жердің бір түйір тасы жаттың от басындай алтынынан қымбат. Дулығалы ата-бабаларымыздың кең дархан даласын, асқар тауын, сырқырап аққан бұлағын, көк өзенін қорғағанын мақтан етемін. Бізге өшпес мұра етіп қалдырып кеткені үшін мың тағзым! Біздің міндет — ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған дархан жерімізді, Қазақстанымызды қорғау, сыйлау, құрметтеу! Бұл қазақтың басынан не өтпеді. Репрессия жылдары, аштық жылдары, кәмпескелеу жылдары. Бәрі-бәрі қазақтың басына туған қаралы жылдар еді. Осыншама қиындықты артқа тастап, еңсесін көтерген Қазақстанымды елбасымыз «Мәңгілік ел» деп бекер атамаса керек-ті. Мәңгілік елім жасасын! Қазақстаным жасасын!

А. ЖАМАУОВА