АНА ТІЛІҢ — АРЫҢ БҰЛ

Отан — әр адамның мекен еткен, туып өскен орыны. Біздің Отанымыз- Қазақстан. Қазақстан — көп ұлтты мемлекеттер қатарында. Қазақстанның негізгі қоныстанатын халқы – қазақтар. Еліміздегі тұрып жатқан ұлт-өкілдерімен ынтымақтастығымыз шексіз. Әр қазақтың міндеті қазақ тілін құрметтеу болса, әр Қазақстанның азаматтарының міндеті, оның қандай ұлт өкілі болсада, Отанын қорғау. Отанымыздың патриоты болу.

Қазақстанның мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Қазақ тілі — бұл ана сүтімен бойымызға дарыған дана тіл. Ата-бабамыздан қалған асыл- қазынаның көзі. Санамызға сіңген,қазақ даласының иісі аңқыған,тарихқа толы бай тіл. Сонау бабаларымыз қастерлеп өткен өшпес мұрасы.

Қазақ жері үшін таласқа түскен батырларымыз жаумен шайқасып,осынау ұлан-ғайыр жерімізді жау қолынан аман сақтап қалды. Ерлеріміз құл, қатын бала-шағамыз күң болмасын деп, бабаларымызды ертеңгі қазақ халқының тағдыры алаңдатқан. Дос болғанға құшақ ашар туыстай,қас болғанға қиып түсер қылыштай болған қазақ аталарымыз ер жүректі, батыр, салт-дәстүрімізге сай қонақжай болған халық.

Сонау Кеңес өкіметі тұсында да өз жерлесіміз аса көрнекті ақын атамыз Қадыр Мырзалиев айтқанындай:
Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!
– деп ,жанашырлықпен жеткізе білді.
Әрине басқа тілді үйренбесін демейміз, үйренсін, бірақ ана тілін қастерлеу әр қазақтың парызы.
Еліміздің егемендігінің арқасында көптеген патриоттарымыз шыға бастады.
Болашақ біздің қолымызда. Өскелең ұрпаққа үлгі көрсететіндей патриот жастарымыз көбейсін.
Ел боламыз десек, бесігімізді түзейік! Патриотты жастарымыз көбейсін!
Жадыра ӘМІРОВА