ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН — ӨРКЕНИЕТТІ ҚОҒАМ
Қоғамның өркениеттілігі сол қоғамның әйелдерге, балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарт адамдарға қарым-қатынасымен өлшенеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің 1998 жылғы Жолдауында ел дамуындағы әйелдердің рөліне қатысты қатынасымызды қайта қарау туралы мәселені көтерген болатын. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері мен отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылды.
Биліктің барлық органдарында әйелдер өкілеттігін көтеру туралы мақсат қойылды. Оған қол жеткізу үшін «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен бірдей мүмкіндіктері туралы» Заң әзірленді, Қазақстан Республикасындағы 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асты. Стратегия жүзеге асырыла бастаған кезден бастап мемлекеттік қызметтегі әйелдер саны 49%-ға дейін артты. Елдің басты заңнамалық органында әйелдердің үлесі 20%. Екіншіден, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес – үнемі басты назарда. Бүгінгі күні Қазақстанда «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заң табысты қолданылуда.
Тәуелсіздік жылдарында балалардың құқықтарын қорғау саласында аз жұмыс атқарылған жоқ. Атап айтқанда, Қазақстан «Қазақстан Республикасының бала құқығын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылдады, онда балаларға қарсы жасалған қылмыс немесе оларды қылмысқа тартқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік күшейтілді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың проблемалары да ескерусіз қалмайды. Елде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» және жұмыс орындарын 3 пайыздық квоталау механизмдерін пайдалана отырып, оларды жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасалуда.