ЦИФРЛАНДЫРУ: ШЫМКЕНТТІКТЕР ОНЛАЙН ТҮРДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕРГЕ ӨТІНІШ БЕРЕ АЛАДЫ
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыға кім өтініш бере алатыны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері атап өтті. Мұны екі жолмен жасауға болады: eGov порталы арқылы немесе ХҚО-ға жүгіну арқылы.
Мемлекеттен төлемдерге өтінішті 20-ға жуық арнайы санатқа жататын азаматтар жәрдемақы алуға өтініш бере алады. Бүгінде бұл жәрдемақыны төмендегі санаттағы азаматтар алуда:
– ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілген азаматтар;
– қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлері;
-ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезiнде қаза тапқан әскерилердің отбасылары;
– қоршауда қалған Ленинград тұрғындары;
– кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары;
– Чернобыль АЭС-дағы және басқа да апаттың зардаптарын жоюға
қатысушылардың отбасылары және басқалары.
Жәрдемақыны ХҚО немесе eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы алуға өтініш беру үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
* белгіленген үлгі бойынша өтініш;
* жеке басын куәландыратын құжат;
* банк шоты бойынша мәліметтер;
* жәрдемақыны алу құқығын растайтын құжат.
Естеріңізге сала кетейік, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жәрдемақы алу үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайларда ХҚО қызметкерін үйге шақыру қызметі бар. Ол үшін Бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалып, сұраныс қалдыру қажет. ХҚО қызметкері өтініш берушімен байланысады және клиентке бару үшін қолайлы уақытын келіседі.