ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҚҰНДЫЛЫҒЫ — ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Р-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын насихаттау және ата-бабаларымыздан қалған, көненің көзіндей болған ұлттық құндылықтарымызды, материалдық мәдениетімізді айғақтайтын құнды жәдігерлерді дәріптеу мақсатында музейіміздің Әдістемелік жұмыс бөлімінің қызметкері Жанбаева Айгүл «Зергерлік бұйымдар» тақырыбында №130 жалпы орта мектебінің оқушыларына тақырыптық лекция оқыды.

Қолөнер – ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан қастерлі өнер, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі. Қандай халықтың қолөнері болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, салт-санасымен астасып қатар өркендейді. Зергерлер көбіне бағалы металлдың ішіндегі ең қолайлысы күмісті пайдаланған. Өйткені күмістің жалтыраған түсін, әр түрлі техникалық тәсілдерге икемділігін, жұмсақтығын және тазалығын жоғары бағалаған. Сонымен қатар күмістің адам баласына тигізетін пайдасы көп екен. Адам бойындағы ауыруларды күміс тартады дейді, сол кезде ол қарайып кетеді екен.

Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау т.б. әсем жасай білген. Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы – сәукеле.

Оқушылар шара бараысында халқымыздың ежелгі мұраларымен танысып ғана қоймай, мол мағлұматтармен қанықты.

«Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің» парақшасынан