ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ: «СПОРТ САҢЛАҚТАРЫМЕН СЫРЛАСУ» КЕШІ ӨТТІ

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы «Ақ таяқ» айлығы аясында СПОРТ САҢЛАҚТАРЫМЕН СЫРЛАСУ атты сұхбат ұйымдастырды.

Сұхбатқа 7-9 қазан күндері аралығында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Ы.Алтынсаринның 180 жылдығына арнап өткізілген ҚР ТУРНИРІНДЕ тоғызқұмалақ ойынынан І-орынды иеленіп, қаламыздың абыройын асқақтатып келген Ақжүніс Тайтелеева қонақ болды.

Сұхбат барысында ұлттық ойынның тәртібі жайлы, қатысушылар хақында, сонымен қатар спортшының болашақ арман, жоспарлары айтылды. Сөз соңында спортшы А.Тайтелееваға мықты денсаулық күш қайрат, алдағы додаларда Оңтүстіктің беделін биіктетіп тек жеңіс пен орала бер деген ізгі тілек жолданды. Сұхбатты Арнайы кітапхана қызметкері, ақын Ербек Бакиев жүргізіп отырды.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылында ұлтымыздың дамуына мүмкіндігі шектеулі жандардың да қосқан үлестері өлшеусіз екенін айта кеткен жөн.