МЕНІҢ ЕЛБАСЫМ

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев — Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті. Ол — талантты тұлға өз елін, жерін сүйетін ұлтжанды азамат. Оның еліне, жеріне деген махаббатын естімеу, көрмеу мүмкін емес. Елбасының арқасында еліміз қарқынды дамып, бүкіл әлем алдында абыройымыз артып, беделіміз биіктеді. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан кейінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланған. Ол кісінің алғашқы сапары киелі Түркістаннан басталады.  Ол – менің Президентім! Мемлекет басқару – бұл өте қиын іс, мәртебелі міндет. Біздің президентіміз осы істерді атқаруға бар күш-жігерін жұмсайды. Қазақстанның әр облыс орталықтарына, қала, аудандарына барып халықпен кездеседі. Президентіміз жастарға көп көңіл бөледі, олардың тілектерін тыңдап, жастар мәселелерін шешеді. Тәуелсіздіктің арқасында еліміз көркейіп, гүлденуде. Біздің елде тұратын жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір-бірімен тату-тәтті тұрады.  Мен осы елде тұрып жатқаным үшін шексіз бақыттымын. Туған елім, кең байтақ дархан далам – менің мақтанышым. Мен Кемелбек Нұрбақыт 1-желтоқсан президент күнімен екі атамызды да құттықтаймын. Бар жақсылықты тілеймін. Менің Елбасым мен Президентім аман-есен, дендері сау, өмір жастары ұзақ, жүрген жерлері мен басқан таулары әрқашан таза, көңілдері жайлы болып, бізбен бірге қуана беруіне тілектеспін.

ҚАСЫМ ГҮЛІМ

4-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ.