ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МОДЕЛІ ҚАЛЫПТАСТЫ

Егемендіктің алғашқы жылдарында алға қой­ған маңызды мақсат — ел­­­дің ішкі бірлігін бекемдеп, ын­­тымағын сақтай отырып, Мемлекеттік Туымыз бен Ел­таң­­бамызды, Әнұранымызды сай­­лап алып, басты заңымыз – Конс­титуциямызды бекіту еді. Бүкілхалықтық референдум ар­қылы біз бұл міндетті ой­да­ғыдай атқара алдық. Тұтас ел болып жасаған алғашқы қа­дам­дарымыздың арқасында зең­гір көгімізде еркіндігіміздің бел­гісіндей Көк байрағымыз жел­бі­реп, әуенімен түгел жұртты ұйыт­қан Әнұранымыз шарықтап тұр­ды. Осының өзі халқымыздың рухын бір серпілтіп, азамат­та­ры­мыз­ға өздерінің азат елдің айбынды ұландары екенін сезіндіріп, болашақ жолындағы жасампаз еңбекке ынталандыра түсті.

Тәуелсіздіктің бастапқы жыл­да­­рында халқымыздың құрамы көп­ұлтты еді. Оның Екінші дү­ние­жүзілік соғыс кезіндегі де­пор­тацияға, тың жерлерді игеруге байланысты объективті себеп­тері де болды. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаевтың кіта­бында жазылған: «Шамал­ған­да алуан түрлі ұлт пен ұлыс­тың басы түйіскен еді… жер ауда­рылған балқарлар, чешендер, немістер, месхет түріктері, қа­­ра­шай­лар, курдтар. Солардың бә­­рі­не қазақтар үйінен ығысып орын тауып, баспана берді. Біздің үй­­дің бір қанатында балқарлар тұр­ған еді», деген жолдарға тоқ­та­­ла кеткім келеді.

Осындай кең ­пейіліне, қонақжай көңіліне орай кең-байтақ жер бұйырған Қазақ елінің келешегін көре ал­ма­­ған кейбір сәуе­гейлер сол тұста «Қазақстан көп ұзамай ұлт­аралық ұрыс майданына айна­ла­ды» деп болжам жасап жатты. Бірақ Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында ішкі қырқысқа, қан төгуге жол берілген жоқ. Ұлтаралық қа­ты­настар саласында басқа ел­дерде баламасы жоқ бірегей инс­титут – Қа­зақ­стан халқы Ас­самб­леясын құрып, түрлі диас­­пора өкілдерін ортақ Ота­ны­мыз­дың игілігі үшін ын­ты­мақты жұмысқа жұмыл­ды­ра білді.

Әр­бір этнос­тың тілі мен дәстүрін, мә­дениетін да­мы­туға жағдай жасалды, діни бостандығына кепілдік берілді. Олар топтасып тұратын мекендерде ұлт тілінде оқытатын мектептер, кей жерлерде жексенбілік мектептер ашылды. Ұлттық орталықтар құрылды. Қазақстандық қоғамдық келісім мен патриотизмнің өзгеше үлгісі қалыптасты. Ішкі бірлігіміз бен татулығымыз нығая түсті.