ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ЖОЛЫ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯЛАР

Ел тәуелсіздік алған жылдары күн сайын қоғамдық өмірдің трансформациялануына байланысты әртүрлі топтарының қолдауына ие болып, алда тұрған міндеттерді шешуде халықты ұйыстыра алатын қауқарлы центристік партияның қажеттілігін сезіне бастады.

1993 жылдың ақпанында құрылып, екі жылдан соң «Қазақстан халық бірлігі» партиясы болып қайта ұйымдасқан «Қазақстан халықтық бірлігі одағы» дәл осындай, центристік партия болды. Партиядағы әріптестері Елбасы Н.Назарбаевқа партияның саяси көшбасшысы болу миссиясын жүктеді, ал саяси кеңестің жетекшісі болып С.Әбдірахманов сайланды.

Дәл сол 1993 жылы Қазақстан коммунистері Қазақстан Компартиясын қалпына келтіру мақсатымен ҚКП-ның ХІХ съезін шақырды. 1994 жылдың ақпанында қалпына келген партия тіркеуден өтті және өз қызметін бастады, қазан айында БүТөлепбаев ҚКП ОҚ хатшысы атанды. 1994 жылы құрылған Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы (көшбасшысы Ө.Сәрсенов) өз бағдарламасының басты бабы ретінде ауыл тұрғындары мен кооператорлардың мүдделерін қорғауды таңдады. 1995 жылдың қаңтарында құрылған Қазақстанның жаңғыру партиясы тұрғындардың тұрмысы төмен және жеткіліксіз дәрежеде қорғалған тобына арқа сүйеді.

1990-шы жылдардың орта тұсындағы Қазақстанның саяси-партиялық ландшафты осындай болды. Әртүрлі сипатта болса да, жаңа партиялардың көпшілігі негізінен демократия принциптеріне бейімдігін білдіріп, Елбасы ұсынған тәуелсіздікті нығайту бағытын қолдады. Сонымен бірге, олардың көпшілігіне тән бір кемшілік – саяси-идеялық құрылымның әлсіздігі мен электоралды қолдаудың жеткіліксіздігі болды. Көптеген партиялар нақты бір жетекшінің ықпалында болғандықтан, олардың одан арғы әрекеті жеке факторларға тәуелді еді.