ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ТІРЕГІ — ЖАСТАР

Тәуелсіз елдің тірегі — жастар. Жан-жақты біліммен қаруланған, спортты серік еткен, психологиялық көңіл-күйлері тұрақты, ерік-жігері мықты азаматтары барда, ел болашағы жарқын болады деп сенеміз. Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ұжымда моральдік-психологиялық климатты дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, жастар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың, құқықбұзушылықтың алдын алуды мақсат еткен шарада түрлі ойындар арқылы үлкен тәлім берілді. Сонымен қатар, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, жағымды психологиялық эмоция қалыптастыру жайлы да сөз етілді.

Кездесуге “Заң талабы” құқық қорғау орталығының психолог маманы Ақбота Хамитова және аудан жастары қатысты. Психолог маманның жетекшілігімен түрлі ойындар ойнатылды. Жастар маманға деген ризашылықтарын білдіріп тарасты.