ТӘУЕЛСІЗДІКТІ БАЯНДЫ ЕТУ — ПАРЫЗ

Тәуелсіздік — ата-бабамыздың аңсаған арманы еді. Еліне бостандық алып беру үшін, аталарымыз қан майданда жанын құрбан етіп, аянбай шайқасты. Соның бәрі ұрпағының азат, тәуелсіз өмір сүруі үшін еді. Міне, бүгінде біз — азатпыз, азат елдің ұрпағымыз. Ашық аспан астында өмір сүріп, Отаныңның ауасын құшырлана жұтып, суынан ішу, кең даласының төсінде еркін-ойнап күлудің өзі қандай бақыт! Әркімге жалтақтамай, өз жеріңнің иесі өзің болып, өз заңыңмен өмір сүру бақыты қазақтың басынан кетпесе дер едім. Елбасының арқасында еліміз тыныш болғандықтан, соғыс деген сұмдықтан аманбыз. Оны тек фильмдерден ғана көріп жүрміз. Сондағы соғыстың көріністерін, адамдардың қиналғанын, өзге елдің боданында жүргенін көргенде, еліміздегі тыныштықты, аспанымыздың ашық, бейбітшілікте өмір сүріп жатқанымызды қадірлей, бағалай түсемін. Лайым солай болса екен деп тілеймін де! Тәуелсіздік — баға жетпес байлық. Оған еш шүбә жоқ. Осындай бейбіт, еркін елде өмір сүріп жатқанымыз үшін біз бақыттымыз!

Тәуелсіздік — бабаларымыздың аңсаған арманы, мұраты және мұрасы. Қазақстан тәуелсіздігін 1992 жылы алғанымен, ол бізге оңаймен келген жоқ. Қазақ даласының азаттығы, қазақ елінің бостандығы үшін қаншама бабалар қаны төгіліп, қаншама ананың жасы көл болды. Елдікті, азаттықтың ақ таңын аңсаған қазақ елі әманда отаршылдық қамытынан арылар жол іздеп, талай бас көтерді. Бұл жолда құрбан болған адам санын санап болғысыз. Қара қам басынан, кеудедегі жанынан елінің еркіндігін артық көрген әр батыр, әр рухты қазақ қол шайқасымен, ой шайқасымен бостандыққа жетуді көздеді. Оның басы сонау Ресей патшалығы тұсындағы отаршылдық езгіден басталса, бертінгісі 1986 жылы орын алған, талай жастың өмірін жалмаған Желтоқсан оқиғасына дейін жалғасты.

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді. Ата-бабамыз жанын құрбан, өмірін сарп еткен азаттықты құрметтеу, қастерлеу, баянды ету — бізге парыз.

Мәулен ДӘУЛЕТ