ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: МАЗМҰНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай онлайн және офлайн жүйесінде «Өлке тарихын зерттеудегі жаңа әдістер» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Конференцияда музей ісі, өлке тарихы, тарихи-өлкетанулық сана, тағы да басқа түрлі өзекті мәселелер талқыланып, ғылыми талдаулар жасалды. Жаңаша көзқарас тұрғысынан зерделенді.
Аталған шараны ашу үшін алғашқы болып Түркістан облысы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірханұлы мен тұтас Түркі әлеміне танымал жазушы Мархабат Байғұт ағамыз сөз бастады. Модератор қызметін музейдегі қоғамдық-тәжірибелік кеңес төрайымы, тарих ғылымдарының профессоры Гүлнар Жанысбекова атқарды. М.Әуезов атындағы ОҚУ әлеуметтік жұмыс және тәрбие жөніндегі проректоры Сәкен Мәжінбеков, елімізге белгілі ақын Анар Жаппарқұлова, Қазақстан Республикасы Білім беру саласының Құрметті қызметкері Өмір Шыныбекұлы, Мәдениет қайраткері, музей ісінің үздігі Рыскүл Бекталиева, А.П.Чехов атындағы 21 мектептің тарих пәні мұғалімі Есбол Асылбеков, музейдің археология бөлімінің меңгерушісі Айсұлу Ержігітова, Ә.Бөкейханов атындағы 2 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бектас Төлебек, музей бас қор сақтаушысы Айнұр Қыдырбаева, «Ерлік» музей-филиалының аға ғылыми қызметкері Майра Бердіқұлова, «Хакім Абай» музейінің меңгерушісі Гүлмира Лазар, музейдегі бұқаралық экскурсия және ақпараттандыру бөлімінің меңгерушісі Аида Утеп баяндама оқып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Шардара тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Нұрлан Смаилов ZOOM платформасы арқылы өз пікірін жеткізді.
Қатысушылар мен қонақтар конференция жұмысының нәтижесінде Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі әлемдік музейлермен тең дәрежеде қызмет атқарып келе жатқаны туралы тұжырым жасап, конференция қарары баяндалды.