«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ — 2020» ҚАЛА ӘКІМІ «ТАССАЙ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тассай» индустриалдық аймағында орналасқан «DentaFill Kazakhstan» ЖШС дәрі және гигиеналық заттар өндірісінің құрылысы барысымен танысты. Жоба құны – 2 500 млн тенге. Кәсіпорын жылына 10 млн дана дәрілік препараттар шығаруға қауқарлы. Жаңадан 90 жұмыс орны ашылады.2020-2021 жылы іске асыру жоспарланған нысанның бүгінде 80% құрылыс жұмыстары аяқталды. Қараша айында құрылысы аяқталып, желтоқсан айының басында құрылғылар орнатылады.
Қала әкімі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, импортқа тәуелділікті азайту үшін мұндай кәсіпорындардың маңыздылығын атап өтті. – Шымкент қаласы фармацевтика өндірісінің орталығы болуы тиіс. Қазір медициналық мақсаттағы өнімдерге сұраныс артып отыр. Жастарды өндірістік практикадан өткізіп, кәсіби мамандар даярлауды қолға алған дұрыс. Біз өз тарапымыздан көмек көрсетуге дайынбыз, – деді қала әкімі.
Айта кетсек, кәсіпкерлерге индустралдық аймақтан 1 га жер берілді. «Бизнестің жол картасы – 2020 бағдарламасы аясында инфрақұрылым тарту жұмыстары атқарылуда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі