ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ: ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласында Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған, Қазақстан Республикасының 21 жасқа дейінгі командалық чемпионаты басталды. Спорт бәсекесі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің, ҚР Тоғызқұмалақ спорт қауымдастығы және Шымкент қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтуде.
Жарысқа еліміздің 2 қаласы мен 10 облысынан 12 команда келген. Атап айтқанда Алматы, Шымкент қалалары және Алматы облысы, Ақтөбе, БҚО, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, ШҚО, Павлодар облыстарынан 96 спортшы, оның ішінде 4-ХДСШ, 14-СШ, 67- СШҮ, 11- І-ші дәрежелі спортшылар қатысуда.
Жарыстың бас төрешісі Сапарбеков Сабит (/Шымкент қ/ ҰДТ), бас хатшысы Қыдырбаев Әлімжан (/Алматы қ/ ЖДҰТ) болып бекітілді.
Ұлттық ойын бәсекесі қараша айының 6-на өз мәресіне жетпек.

АЯУЛЫМ ТАСТАНБЕК