КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ: СУБСИДИЯ ҮШІН ТАЛАПТАР МЕН НОРМАТИВТЕР БЕКІТІЛДІ

Биыл мал азығы шығындарына берілетін субсидия үшін қойылатын талаптар мен нормативтер жергілікті билікке жүктелген. Ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) жаңа қағидасындағы бағыттар мен нормативтерге сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің «2021 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулы жобасына сәйкес, қаражаттың жалпы соммасы 1 016 699,0 мың теңгені құрайды.

Оның ішінде — 765,6 млн.тг субвенция есебінен, 251,1 млн.тг жергілікті бюджет есебінен.

Қағиданы басшылыққа алып, қаулы жобасымен ІҚМ аналық басы үшін 35 000 тг-ден бастап, 50 000-70 000 тг аралығында норматив бекітілуде (меншігінде кемінде 15 аналық ІҚМ болуы шарт);

Қойдың аналық басы үшін 8 000 тг (меншігінде кемінде 50 аналық уақ болуы шарт);

Жылқының аналық басы үшін 30 000 тг (меншігінде кемінде 15 аналық уақ болуы шарт);

Шошқаның аналық басы үшін 7 000 тг (меншігінде кемінде 50 аналық уақ болуы шарт).

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігінің қаулы жобасы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2021 жылғы 13 шілдедегі № 207 бұйрығына сәйкес әзірленуде.