ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ЖАСТАР: TEDX ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Мемлекеттің дамуы, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұлтымыздың өркендеуі біздің өзімізден басқа ешкімге қажет емес екені анық. Сондықтан жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің маңызы аса зор. Жастар – ел болашағы, ата-ана, Отанының үміті. Сенімнің үдесінен шығу үшін жастар тәрбиелі әрі білімді болуы қажет. Кез келген ортада бәсекелестік болатыны рас, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай қашанда халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім ғана.
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Адам өмір сабақтарын өзіне тәжірибе ретінде сіңіріп, сосын жастарға кеңес береді. Қазір біздің жастар бүкіл әлеммен қарым-қатынас жасап отыр. Жол да, шекара да ашық. Қалаған жерде білім алып, қалаған жерде тұрып жатыр. Көріп отыр. Сондықтан жастар ең алдымен нық білім негізін қалап алуға ұмтылулары қажет. Жастық шақ пен мүмкіндікті керексіз ойын-сауыққа жұмсамағандары жөн, олардың барлығы кейін келеді» деген болатын. Бүгінгі буын білім алуға көп мән беріп, оқуға басты назар аударуы тиіс.
Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич, NEET және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің» Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен TedX форматында кездесу өтті.
Жастардың парасаттылықты арттыру жөніндегі ұсыныстары мен идеяларының жинағы және БАҚ-та ақпаратты орналастыру және жастардың бір-бірімен өзара байланысы, қоғамдық іс-шараларға қатысуға қызығушылығын арттыруды мақсат еткен кездесу өз діттеген межесіне жетті деген ойдамыз.
Аталмыш кездесуге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жазира Әлжанова және Шымкент жоғары медицина колледжі студенттері қатысты.
Кездесуде барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша кездесуге қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.