ТӘУЕЛСІЗДІК ИГІЛІГІ: АБАЙ АУДАНЫНДА 38 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫ

Шымкент қаласы Абай ауданында 1034 шақырымды құрайтын 1025 көше бар. Оның ішінде 28-і магистральды, 997 көше ішкі орамдық жолдар санатына жатады.
Ауданда 651 көше асфальт төселген, 352 көше тас жол және 13 шақырымды болған 22 көше топырақ жолдар.

Тас жолдарға жолаушылар көлігі және автомабиль жолдары басқармасы тарапынан 2025 жылға дейін асфальт төсеу жұмысы жоспарланып отыр.

Ал аудандағы көшелердің жарықтануы 2021 жылға дейін 7 пайызды құраған болатын. Биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 38 көшеге жарықшам орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 9 көше жарықтандырылады. Нәтижесінде, аудандағы көшелердің жарықтандырылуы 11,5 пайызға өседі.

2022-2023 жылдары 45 көше мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жарықтандырылуы жоспарлануда. Халық тығыз орналасқан 200 көшеге көше шамын орнату үшін энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына ұсыныс берілген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі