ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Еліміздегі орын алған жағдайға сәйкес мектеп оқушылары қашықтан оқытылуда. Жалпы қашықтан оқыту білім беру саласында бұрыннан қолданылып келе жатқанымен, қазіргі таңда пандемия жағдайында қайта ұйымдастырылуы бұл білім беру саласының алдындағы жаңа бір мәселе болғаны сөзсіз. Мақалада мектеп оқушыларының қашықтан оқытудың өзіндік артықшылықтары мен қиындықтары зерделенген. Оқушылардың қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін оқытудың интербелсенді формалары қолданылып келеді. Қашықтан оқыту интернет желісінің, компьтерлік технологиялардың мүмкіндігін негізге ала отырып ,тыңдаушылардың кәсіби білімін жетілдіру болып табылады. Қашықтан оқытуда видео дәрістер, өз бетінше орындауға арналған тапсырма мен тыңдаушының білімін қалыптастырушы бағалау үшін тест тапсырмалары https://sdo.cpm.kz/ порталы арқылы ұйымдастырылып, кәсіби білімді арттырудың мүмкіндігі қамтылған. Дегенменде білім беру саласына zoom, teams, vebinar, meet.google.com, classroom.google.com және тағы да басқа қашықтан оқытуды ұйымдастыруда шынайы қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін онлайн платформаларда белсенді енді. Бұл аталған онлайн платформаларды мектеп оқушысынан бастап педагогтер қауымы да өзінің күнделікті өмірінде белсенді қолданушысы болып шыға келді. Демек, қашықтан оқыту білім беру саласы субъектілерінің бойында жаңа дағдылардың, құзыреттіліктердің қалыптасуына оң ықпалын тигізді. Қашықтан оқытудың тиімді және осал тұстарының бар екендігін және оны әрі қарай жетілдіре түсуіміз керектігін аңғардық. Білім беру ісінің алдында шешуін қажет ететін жаңа проблемалар мен қиындықтар орын алғаны да сөзсіз.  

   Жалпы мақалада біліктілікті арттыру курстарын қашықтан оқытуды ұйымдастыру барысында курс тыңдаушыларының қандай проблемалармен бетпе бет келгенін анықтап, қашықтан оқытудың артықышылықтары мен қиындықтарын талданды.

   Қазіргі таңда еліміз, жалпы дүниежүзі күрделі кезеңді кешіруде. Ең басты мәселе денсаулық, елді және ұлтты сақтау. Дегенменде біз осы эпидемия жағдайында елемізді дендеген COVID-19 дертімен бірге өмір сүруге де бейімделіп келеміз. Пандемияға қарамастан жоспарларымызды, алға қойған міндеттерімізді шешуге тырысып, бойымызды үрейге алдырмай, қалыпты өмір сүру салтында қоса алып жүрудеміз.

   Елімізде қалыптасқан жағдай туралы сөз қозғағанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, елге дәрігерлердің, мұғалімдер мен ғалымдардың аса қажет екендігін және ел үшін, ұлт үшін, адамзат баласы үшін аса маңызды орны бар екендігін баса айтқан болатын. Бұл тұрғыда ұрпаққа білім беріп жүрген мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының да өзектілігі арта түсері сөзсіз.

   Қазіргі таңда қашықтан оқыту маңызды және аса қажетті.  Яғни қашықтан оқыту- бұл қазіргі заманның шынайы көрінісі, уақыт талабы, әр педагогтің алдындағы кезек күттірмес мәселе. Дегенменде мұғалімнің білім алушыларды оқыту сапасынан оқушылардың білім сапасының артық болуы әзірге мүмкін болмай тұр. Сол себепті де білім алушылардың білім сапасының жоғары болуы үшін, мұғалімдердің сабақ беру сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету маңызды. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, кәсіби құзыреттіліктерін әрі қарай жетілдіру біліктілікті арттыру курстарының басты міндеті. Сондықтан қашықтан оқыту педагогтердің біліктілігін арттыру курстарында да белсене енді.

   Біліктілікті арттыру – маманның кәсіби қызметінің жоғары болуына, өзінің кәсіби қызметі саласында кәсіби сарапшы деңгейіне жетіп, заман ағымына сай білімі мен білігін, кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктерін одан әрі шыңдай түсу үшін, кәсіби жоғары маман болуға бағыт алған маманның жолы деуге болады. Маманның кәсіби біліктілігін арттыру кәсіби құзыреттілігін шыңдап, тәжірибелік проблемаларын шешуге оң ықпалын тигізумен қатар, мансаптық өсуіне де мүмкіндіктер ашады, қызметі саласында жаңа жетістіктерге қол жеткізу құралдарымен қамтамасыз етеді. Демек, білім беру саласында білім алушылар жақсы жетістіктер мен көрсеткіштерге қол жеткізуі үшін педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру өзекті бола бермек. 

   Қашықтан оқытудың пайда болу тарихына назар аударатын болсақ, ол ақпараттық-коммуникациялық технологиялардан ілгері пайда болған. Қашықтан оқыту ең алғаш рет 1840 жылы Ұлыбританияда маман даярлауда қолданысқа енген және оны стенография жүйесін ойлап шығарушы Исаак Питман (Isaac Pitman) қолданған. Ол болашақ стенографист мамандарды оқытуда поштамен материалдар жіберу арқылы қашықтан оқытуды бастаған болатын. Бұл тарихта ең алғашқы қашықтан оқыту курсы болды. Питманның жедел жазу жүйесі ағылшын тілді жұртшылықтың арасында кеңінен таралды, бұған стенографияны үйренушілердің кең ауқымды желісі де оң ықпал еткен. Осылайша қашықтан оқыту маман даярлауға белсене енді.  

   Жалпы қашықтан оқыту – бір-бірінен қашықта орналасқан білім алушы мен оқытушының  әртүрлі байланыс технологияларының көмегімен жанама түрде өзара әрекеттестікте ұйымдастырылатын оқу нысаны. Қашықтан оқытуда білім беру процесінің барлық компоненттері – мақсаты, мазмұны, оқыту әдістері және оқу нәтижесін бағалау толық сақталады. Сондықтан да, қашықтан оқыту қалыпты аудиториялық форматта өтетін оқыту формаларымен салыстырғанда сапасы төмен немесе жоғары деп бағалауға болмайды.

   Қашықтан оқытуды ұйымдастыруда бастысы ақпаратты жеткізу ортасының (пошта, теледидар, радио, ақпараттық-коммуникациялық жүйелер) болуы. Болуы білім алушы мен оқытушы арасындағы байланысты орнатуға және білім беру процесін жүзеге асыруға ықпал етеді.

   Демек, қашықтан оқыту – білім беру процесінде компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялар негізінде оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдістері, формалары мен құралдары арқылы ұйымдастырылатын білім алудың бір формасы.

   Қашықтан оқыту барысындағы білім беру немесе білім алушының  мақсатты, бақыланатын қарқынды дербес жұмысын құрайды және қолайлы уақытта, қолында бар технологияның мүмкіндігін қолдану болып табылады. Оқушымен телефон, күнделік кз. вацап құралдары арқылы байланыс орнату арқылы жүзеге асырылды.

МАДИНА БАЗАРБАЕВА,

№2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатының мұғалімі.

Шымкент қаласы.