ТӘУЕЛСІЗДІК — ЖАНЫМДЫ ЖЫЛЫТҚАН СӨЗ
«Тәуелсіздік» сөзінің өзі жанымызға жылу, бойымызға күш, қуат береді. Тәй-тәйлаған баладай басқан адымдарын санап, 4-5 жасында өз-өзіне қарап, 10-15 жасында пайдаға ісі жарап, 20-25 жасында өсіп-өніп, аты әлемге тарап, етек-жеңін жинап, бар әлемді мойындатып, Тәуелсіздіктің бесігінде 30 жыл тербелген қазақ елі, 30 жылдық тәуелсіздігің құтты болсын!
Желтоқсанның ызғары да, қатып калған мұздары да, қазақ жастарын қорқыта алмады, қайсарлықпен бодандыққа қарсы тұрған желтоқсаншы жастарға бас иеміз! Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл, 30 жас. Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда, бар әлемнің назары біздің елімізде. Қазақстанды бүкіл әлем таниды десек қате айтқанымыз емес. Аз уақытта бойын тіктеп, басқа шет елдерге үлгі бола білген еліміздің 30 жылдығы, 30 жасы құтты болсын қазақ елі! Қазақтығымыз бітпесін, азат күніміз бітпесін! Қазақ тіліміздің тұғыры берік боп, елдігіміз жандана берсін! 30 жылдығың 100 жылдыққа ұласып, шаттығың мен бақытың ортаймасын! Қазақ елі жасай берсін! Қазақстан жасай берсін!
Жібек ЫСҚАҚОВА