1 ЖЕЛТОҚСАН — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ
2011 жылы бір топ қазақстандық парламентшілер Елбасының зор еңбегі мен тарихи тұлға ретіндегі рөлін бекіту мақсатында 1 желтоқсан күнін жалпы мемлекеттік ауқымдағы мереке күні етіп жариялау туралы бастама көтерген еді..
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында, 2011 жылдың 14 желтоқсанында 1 желтоқсан күнін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні ретінде атап өту туралы Заң қабылданды. Бұл күн, яғни 1желтоқсан – Қаазқстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қазақстан халқының, ата-бабаларымыздың егемен ел болудағы ғасырлар бойы аңсаған асқақ армандарын жүзеге асырған Тұңғыш Президентімізбен, Ұлт көшбасшысымен бірге жасаған ерліктерін жадымызға қайта оралтуға қызмет ететін сәт.Қазақстан Республикасының даму тарихы Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы Н. Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.