ШЫМКЕНТТЕ СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ БАҒАСЫ – 60 ТЕҢГЕ

Шымкент қаласы аумағында 300-ге жуық жанар-жағармай бекеттері орналасқан. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ірі жанар-жағармай бекеттері желілеріне күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Жанар-жағар май бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин литрінің орташа бағасы — 177 теңге, АИ-95 маркалы бензин литрінің орташа бағасы- 210 теңге, АИ-96 маркалы бензин литрінің орташа бағасы — 205 теңге, АИ-98 маркалы бензин литрінің орташа бағасы — 227 теңге және дизель отынының орташа бағасы 227 теңгені, сұйытылған газ бағасы 60 теңгені құрап отыр.

Ал, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап АИ-80 маркалы бензин өндірісі тоқтатылғандықтан, АИ-80 маркалы бензин түрі сатылымда жоқ.

10 қаңтардағы мониторингке сәйкес Шымкент қаласы аумағында жанар-жағар май өнімдерінің тапшылығы байқалмайды. Баға өсімін байқайтын болсаңыздар 8/7252/ 53-50-66 нөміріне хабар беріңіздер.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі