2018 жылдың наурызындағы жылжымайтын мүлік саудасы: 10 басты оқиға
Наурыз айының ең басты оқиғасы Елбасының тұрғын үй бағдарламасына қатысты жаңа бастама көтергені болды. Ол бастама елімізде жұмыс істейтін әрбір азаматтың баспанаға қол жеткізуіне мүмкіндік беруі тиіс. Осы және өзге де оқиғаларға жайында Qamshy.kzақпарат агенттігі Kn.kz сайтының мәліметіне сүйене отырып жазады.
1 Несие алушыларды банк комиссиясы мен төлемді кешіктіргендегі айыппұлдан босату көзделуде
Банктерде несие берген кезде және шотқа қызмет көрсету кезінде төленетін комиссияларды алуға тыйым салу жоспарлануда. Бұл жөнінде Әділет министрі Марат Бекетаев мәжіліс отырысында мәлімдеген болатын және «Жеке мүлік пен арбитраждарға қатысты құқық қорғау мәселелеріне қатысты кейбір заң актілеріне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар» жайында заң жоасын таныстырған. Министр банктерде несие берген кезде және шотқа қызмет көрсету кезінде төленетін комиссияларды алуға тыйым салу кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ екенін айтты. Сонымен қатар, банк шотына аударылатын қарыз бен банк шотын жүргізуде комиссия алынбайды.
2 Елбасы «7%-бен ипотека» атты жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «7-20-25» бағдарламасын іске асыру туралы ұсыныс айтты. Оның шарттары бойынша, әрбір жұмыс істейтін қазақстандық тиімді шарттар бойынша ипотекаға пәтер ала алады екен.
3 Ақпан айында Қазақстандағы жаңа ғимараттардың бағасы өсті
Қыстың соңғы айында жаңадан салынған тұрғын үйлердің бағасы 0,2%-ға өсті. Алайда толық жабдықталған немесе жабдықталмаған пәтерлерді қайта сату бағасы өзгеріссіз қалды. Элиталы тұрғын үйлерді қайта сату бағасы 0,1%-ға төмендеген. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2017 жылдың қаңтар-ақпан айларына дейін бір жылдың ішінде жаңадан салынған пәтерлердің бағасы Астанада (+5,1%), Ақтөбеде (+5,1%), Оралда (+2,3%) қымбаттаған еді. Жыл бойынша ең максималды көрсеткіш Талдықорғанда болды (+56,8%). Бір жылдың ішінде жаңадан салынған тұрғын үйлердің бағасы Алматыда (-4,3%), Павлодарда (-16,6%), Шымкентте (-2,6), Қостанай мен Көкшетауда сәйкесінше 1,2% бен 1,6%-ға дейін төмендеген.
4 Жаңа «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы төрт этап бойынша жүзеге асырылады
Ұлттық банк «7-20-25. Әрбір отбасыға баспаналы болуға жаңа мүмкіндік» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісіп кетті. Жаңа бағдарлама Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында жүзеге асырылып, тұрғын үй ипотекасының қолжетімді болуына баса күш салады. Данияр Ақышев бұл бағдарламаны іске асыру кезінде ең алдымен бұдан бұрынғы бағдарламалардың тәжірибесіне көңіл аудару қажеттігін атап өтті.
5 Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша несие ағымдағы жылдың екінші жартысынан бастап берілетін болады
ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, бағдарламаның негізгі параметрлері Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірінші қатарында іске қосылады. «7-20-25» бағдарламасы бойынша несиенің үстеме пайызы жылына 7%–ды құрайтын болады, алғашқы жарна соманың 20%-нан аспауы тиіс, ал несиенің берілетін мерзімі 25 жылға дейін болмақ.
6 Жаңа құрылыс материалдарына сынақ жүргізілді
Қазақстан аумағында салынатын құрылыс саласында қолданылатын құрылыс материалдарына сынақ жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстары Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтының сынақ зертханасында өтті. Сынақ кезінде дірілдеуіш көліктер арқылы ғимараттың бір бөлігі резонанстық күйге келтірілді және 9 баллдық жер сілкінісіне тең келетін динамикалық салмақты сезінді.
7 Қалалық кадастр сәулет және құрылыс жұмыстарында ашықтықты қамтамасыз етеді
Қазақстанда құрылыс индустриясын цифрландыру шеңберінде мемлекеттік қалалық кадастр құрылуда. Ол сәулет және құрылыс жұмыстарында ашықтықты қамтамасыз етеді және инфрақұрылымның қолжетімділігі, инженерлік коммуникацияларға қосылу мүмкіндіктері туралы халыққа және бизнеске қажетті ақпаратты ұсынуға мүмкіндік береді. Қалалық кадастр жердің бетінде және жердің астындағы барлық жылжымайтын мүлік пен инфрақұрылым объектілері туралы бірыңғай ақпарат жүйесін ұсынады.
8 Барлық ипотекалық несиені теңгеге ауыстырады
ҚР Ұлттық банк басқармасы 2015 жылдың сәуір айында қабылданған Ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Данияр Ақышевтің айтуынша, өзгертулер мен толықтырулар екі блоктан тұрады. Бірінші блок 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынылған халықтың ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша мәселелерді түпкілікті шешуге бағытталған. Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде тұрғындардың және басқа да жылжымайтын мүліктің кепілдігі бар тұлғалардың барлық шетел валютасындағы ипотекалық несиелері теңгеге аударылады.
9 Тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны төмендеді
2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан бойынша 1,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,6%-ға кем. Өткен жылдың алғашқы екі айындағы көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 44,7%-ға дейін өскен. Тұрғын үй құрылысының қарқыны 2013 жылдан төмендей бастаған.
10 Қарағанды облысында бұзылған үйлерді қалпына келтіре бастайды
Қарағанды облысындағы қираған үйлерді қалыпқа келтіру үшін облысқа кәсіпкерлерді тарту көзделуде. Билік өкілдері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлерді салу және қираған үйлерді қалпына келтіруге қаржы жұмсауға дайын инвесторлармен кездесіп, келіссөздер жүргізетін болады. Бұзылған үйлерде тұратын тұрғындарды жағдайы жақсы үйлерге көшіру қолға алынады, ал ескі ғимараттарды жөндеу жұмыстарынан өткізеді немесе оның орнына басқа тұрғын үйлер салынатын болады. Бүгінде Қарағанды әкімдігінің өкілдері мұндай жобаларға қаржы салуға дайын кәсіпкерлерді іздестіруде. Апаттық жағдайдағы тұрғын үйлердің көпшілігі Жезқазғанда орналасқан, 28 тұрғын үйдің 16-сы қайтадан қалыпқа келтіруге жарамайды.