«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІІ СЪЕЗІНЕ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс Саяси кеңесінің отырысы өтті.

Саяси кеңес мәжілісін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы төрағалық етіп, жүргізді.

Күн тәртібінде бір мәселе қаралып, партияның кезектен тыс ХХІІ Съезіне Шымкент қаласынан қатысатын делегаттар анықталды. «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы елордада өтетін Съезге қатысатын өңір делегаттары туралы хабарлама жасады.

Отырысқа Шымкент қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов және партия филиалының Саяси кеңесі мүшелері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес ашық дауыспен «Nur Otan»партиясының кезектен тыс ХХІІ Съезіне 12 делегат сайланды. Делегаттар құрамына партияның Саяси кеңесі мүшелері, партия белсенділері мен жауапты қызметкерлер енді.

  • «Өздеріңізге белгілі 28 қаңтарда Партияның кезектен тыс ХХІ-ші Съезі өтіп, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев партияны жаңғырту бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. Аталған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында қалалық партия филиалына бірқатар тапсырмаларды жүктеймін.
    Біріншіден, партия мүшелерінің аймақтардағы өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге атсалысуын күшейтуіміз қажет. Мәслихат депутаттарының сайлаушылармен жүйелі есеп беру кездесулерін өткізуін тәжірибеге енгізіп, шалғайдағы елді мекендерге өзекті проблемалар бойынша фракциялардың көшпелі отырыстарын ұйымдастыру керек. Қоғамдық қабылдаулар қызметін жандандыру маңызды, азаматтардың өтініштері түкпілікті шешімін тапқанша бақылауда ұстау керек. Өңірлік сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылуын қатаң бақылауға алуымыз қажет. Аймақтың «Jas Otan» жастар қанатының қала жастарымен жұмыстарды күшейтуіміз қажет. Аталған бағыттардағы жұмыстың жүзеге асырылуына Саяси кеңес мүшелері атсалысады деген сенімдемін», — деді М.Әйтенов.

Айта кету керек, 2022 жылғы 01 наурызда партияның кезектен тыс XXIІ Съезі өтеді. Мемлекет Басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өтетін Съезде партияның нақты трансформациясы басталып, жұмыстың жаңа стилі белгіленетін болады. Партия мүшелері Жаңа Қазақстанды құру бағытында жүйелі қадамдарға көшіп, Төраға белгілеген реформаларды толықтай қолдайды.