ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ АЗИЯ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Өзбекстан мемлекетінде кадеттер мен жасөспірімдер арасында семсерлесуден Азия чемпионаты өтуде. Жарыс 24 ақпан мен 3 наурыз аралығында өтуде.

Шымкент қаласынан келесі спортшылар қатысуда:

1.Жулинский Никита (шпага)

2.Тамбовцева Александра (шпага)

3.Чупраков Артур (сабля)

4.Мұстафин Ғабидин (шпага)

5.Серикбай Адема (сабля)

Кадеттер санатында шпажистер арасында Мұстафин Ғабидин жеке басының біріншілігінде 5-орынды иеленді7 Командалық жарыста Қазақстан құрамасы (кадеттер шпагасы) финалда Өзбекстан командасын жеңіп, 45-41 ұпаймен алтын медальға қол жеткізді.

Құрама сапында шымкенттік Мұстафин Ғабидин жеңімпаз атанып Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Мақала авторы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.